Бәрі өз жауапкершілігін түсінді – Әшімбаев «Хабардың» резонанс тудырған ток-шоуы туралы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев «Хабар» телеарнасындағы «Бірақ» ток-шоуы төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді. Бағдарлама ұйымдастырушылары шоуға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелді шақырып, жылдар бойы зәбір көрсеткен күйеуімен татуластырмақ болды.
Әйел бұрынғы күйеуін де осы бағдарлама шақыртқанын білмеген. Бұл оған ұнамады. Ол оның кетуін өтінді. Соңында бұл оқиға қоғамда резонанс тудырып, бағдарлама жабылатын болды. Арна басшылығы кешірім сұрады.
Мәулен Әшімбаев «бір сәтсіз бағдарлама үшін бүкіл БАҚ жұмысына баға беруіне болмайды» деп есептейді.
«Қазақстан», «Хабар» сияқты телеарналардың қызметіне күмән келтіретіндей негіз жоқ. Кемшіліктер болса, оны айтуымыз керек. Біздің көзқарасымызды білдіруге, позициямызды айтуға құқығымыз бар. Бұл – қазіргі қоғамда қалыпты жағдай. Бірақ бәрі конструктивті болуы керек. «Хабар» тиісті шаралар мен шешімдер қабылдайды деп ойлаймын. Мәдениет және ақпарат министрлігі де бұл мәселені бақылауда ұстап отыр», - деді Әшімбаев сенат кулуарында.
Ол елге мемлекеттік те, тәуелсіз де БАҚ керек екенін баса айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық