Бардағы пресс-конференция: пилоттар дрифттен Қазақстан чемпионаты туралы айтты
Өткен сенбіде Алматыдағы William Lawson`s 13 The Bar атты барда дрифт пилоттарының журналистермен және блогерлермен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2023 жылғы дрифттен Қазақстан чемпионаты, жоспарлар, жеке тәжірибе және Gorilla Energy TruCrew командасының жігіттері мен Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы арасындағы серіктестігі талқыланды.
Бардағы бейресми атмосфера кездесуге қолайлы жағдай жасады десек артық емес, кеш қызықты әрі өте мазмұнды өтті. Қатысушылардың барлығы қызықты сұрақтар қойып, қолтаңба алды. Сонымен қатар әртүрлі командалардың пилоттарымен жеке сұқбаттасуға мүмкіндік туды. Осындай ерекше кездесуді ұйымдастыру арқылы ұйымдастырушылар 2023 жылғы Қазақстан чемпионатының жақын арада басталатынын және өткен жылдардың чемпионы Gorilla Energy TruCrew командасы мен Parimatch беттинг-компаниясы арасындағы серіктестіктің орнатылғандығын жариялады.

– Біздің көліктер тиісті деңгейде дайындалған, сондықтан бізде айтарлықтай үлкен өзгерістер болған жоқ, бірақ, әрине, әртүрлі ұсақ-түйек жұмыстар бар. Дегенмен, чемпионатты ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерістер орын алғаны мәлім: PRO-лига Street-лигадан бөлініп шықты, бұл шара барысын өзгеріске ұшырататыны сөзсіз. Енді жұптық жарыста «стриттердің» қалай ашылатынын тағатсыздана күтемін.
Сондықтан біз биылғы маусымда легионерлерден де, «стриттен» PRO санатына ауысқандардың қатарынан да жаңа қарсыластарды және жоғары деңгейдегі сапалы жарысты күтеміз, – деп Gorilla Energy TruCrew командасының дрифт-пилоты Антон Авдеев өз ойымен бөлісті.

Еске салайық, чемпионат 16 сәуірде басталып, қазан айына дейін Сокол СТК автодромында өтеді. Биылғы маусымда қатысушылар 5 кезеңнен өтуі керек, оның 2-уі түнде өтеді. Қанша дөңгелек сырылатынын болжау ғана қиын. Дегенмен соңғы кездесудің өзінде жарыс адреналинін сезінуге мүмкіндік болғаны анық. Parimatch ұйымдастырған белсенді шаралар да эмоцияларды шығаруға тамаша себеп болды – күш өлшегіші, радиомен басқарылатын көліктердің дрифт жарысы, киккер, корнхол және т.б. Кеш жалпы көңілді, дрифт концепциясына сәйкес өтті деуге болады. Бұл туралы дрифтингтен Қазақстанның қазіргі чемпионы Александр Бочкарев өз ойын былай жеткізді.
– Дрифт – бұл ең алдымен шоу, содан кейін спорт. Сондықтан, мен трассаға шыққан сайын процестен ләззат алып, жанкүйерлерге эмоциямды жеткіземін. Осындай энергия алмасу көптеген шабандоздарды алға ұмтылуға және жеңіске жетуге итермелейтін жалын секілді. Көп нәрсе сенің эмоциялық жағдайыңа да байланысты. Барыңмен шығып, дағдыларыңды жетілдіруің қажет және осы процесс барысында жаттығу керек, бастысы қызығушылықтың болуы маңызды. Сосын тәжірибелі жүргізушілерден кеңес сұраудан ұялмаған абзал, – деді ол.

Gorilla Drift-тің серіктесі Parimatch алдағы чемпионатқа нағыз спорттық дайындықпен келмекші – бренд командасы өзінің жаңа серіктестері Gorilla Energy TruCrew-тің кезекті жеңісіне сенеді және мәре сызығына дейін жігіттерге жан-жақты көмектесуге ниетті.
– TruCrew командасымен ынтымақтастық құру туралы шешім тез қабылданды. Жігіттердің сенімді және жалынды стилі бізге өте жақын, олар трассаны жақсы сезінеді, жоғары пилотаж көрсете алатыны белгілі және әрқашан позитивте жүреді. Біздің құндылықтарымызға ортақ, спорт үшін «ішкен асын жерге қоятын», үнемі қозғалыста болатын серіктестерді табу өте маңызды. Қос лиганың алдағы 5 кезеңіне біздің нақты жоспарларымыз бар және біз бұл Чемпионат барлық рекордтарды жаңартып, жанкүйерлерге ұмытылмас эмоция сыйлайтынына 100% сенімдіміз, – деп Parimatch Қазақстан брендінің маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева беттинг-компанияның ұстанымын жеткізді.
Серіктестік материал.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық