Баннердегі бетперде таққан қыз әкімдіктен миллион сұрады
Алматы баннерлеріндегі бетперде таққан қыздың суреті өзінікі екенін айтып, қазақстандық әйел әкімдіктегілер суретін рұқсатсыз қолданғанына шағымданды.
Самал Омарова коронавирусқа қарсы насихатта суретін рұқсатсыз пайдаланған Алматы әкімдігінен қаржы талап етті, деп хабарлайды ORDA. «Информбюро» агенттігіне сілтеме жасап.
Бетперде киген қыздың суреті COVID-19-ға қарсы науқанның символына айналып, қазірдің өзінде қаланың барлық жерінде тұр. Бұл сурет алғаш былтыр көктемде Алматы баннерлерінде пайда болған.
Былтыр Алматы әкімдігі суретті интернеттен алғандарын және баннерлерде бейнелеген филиппиндік қыз деп мәлімдеген болатын.
Бірақ Алматы облысының тұрғыны, қазақстандық Самал Омарова бұл сурет өзінікі екенін айтады. Оның айтуынша суретін біреу рұқсатсыз пайдаланған. Самал Алматы облысының Жаңашыр ауылының тұрғыны. Сүт зауытында лаборант болып жұмыс істейді, үш қыздың анасы.
Самал өзін кім және қашан түсіргенін білмейді. Ол жазда дәл осылай банкке барғанын, сол кезде жасырын камералар арқылы суретке түсіруі мүмкін екенін болжайды. Самал өзінің бейнесін пайдаланғаны үшін ақы алуға құқылы екенін жеткізді.
Ол жарнама агенттігіне хат жазған, агенттік келіншекті әкімшілікке жөнелткен.
«Менің суретім барлық жерде ілінгеніне қуаныштымын. Жарнама үшін алты миллион берілген. Соның ең болмағанда бір миллионын маған берсін», - дейді келіншек.
Фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суреттерді кез-келген камерамен емес, тек сапалы құрылғы арқылы түсіруге болатынын айтты.
«Мұндай кең форматта қолдануға болатын суретті банкте түсіре салу мүмкін емес. Оған қоса адамды байқатпай суретке түсірді деген шындыққа жанаспайды. Шынымен көздері ұқсайды. Бірақ бізде филиппиндік модельдің фотосессиясы бар. Тіпті маскасыз суреттерін де көрсеңіздер болады», - дейді ол.
Алматы әкімдігі болса суретті дүниежүзілік тегін фотосуреттер банкінен алғандарын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық