Банктер борышкерлерді жалғыз баспанасынан айырмайтын болды
Енді әлеуметтік аз қамтылған борышкерлер ипотека қарызы үшін жалғыз баспанасынан шығарылмайды. Осындай меморандумға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Алматы қаласының әкімдігі қол қойды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы әкімдігі, Банк омбудсмені, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің ипотекалық қарызы үшін жалғыз тұрғын үйін алып қою және жалғыз баспанасынан шығару шараларын тоқтата тұруды көздейтін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мамандар осы меморандум жобасымен маусым айынан бері жұмыс істеп жатыр. Әзірге меморандумға Алматы қаласының әкімдігі ғана қол қойды. Негізінен бұл шара кейін бүкіл республиканы қамтуы тиіс.
Құжат қол қойылған күнінен бастап 12 ай бойы күшінде болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық