Банктер қазақстандықтардың шоттарын аңдымайды
«Банктер қазақстандықтардың шоттарындағы ақша туралы есеп беруге міндетті» деген қауесетке Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп жазады ORDA.
Әлеуметтік желілерде осы жылдың басынан бастап барлық банктер мемлекеттік органдарға ел азаматтарының жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы ақпарат беруге міндетті деген ақпарат пайда болды.
Ақпаратты таратушылар Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сілтеме жасаған. Алайда, Мемлекеттік кірістер комитеті бұл деректерді ресми түрде жоққа шығарды. Комитет Салық кодексіне мұндай өзгерістер енгізілмегенін хабарлайды.
Департамент қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлер үшін төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын растады. Бірақ бұл жеке тұлғалардың өз мақсаттары үшін аударған ақшаларына еш қатысы жоқ.
«Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын басқаруды жоспарламайды», - деп Мемлекеттік кірістер комитеті халық арасында әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен жалған әңгімеге нүкте қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық