Банктер халықты «бомжға» айналдырды – депутат
Еліміз талай экономикалық дағдарыстан өтті. Адамдар жұмысынан айырылып, несиелерін төлей алмады. Ал біздің банктер не істеді? Олар адамдарды далаға шығарып жіберіп, «бомжға» айналдырды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев айтты.
- Азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу бастамасын ең алғаш болып «Ақ жол» фракциясы 2013 жылы ұсынған болатын. Содан бері біз жыл сайын бұл мәселені қайта көтеріп келдік. Үкімет оған әртүрлі сылтау айтып, кейінге қалдырып келді. Былтыр Президент бұл заң жобасын қабылдау бойынша нақты тапсырма берді. Біз екі рет өзіміздің заң жобамызды әзірлеп бердік, Үкімет оларды да өткізбеді. Біздің негізгі мақсатымыз несие төлей алмайтын жағдайға душар болған азаматтарға әлеуметтік кепілдік белгілеу болды. Біздің еліміз талай экономикалық дағдарыстан өтті. Халық жұмысынан айырылып, несиелерін төлей алмады. Ал біздің банктер не істеді? Оларды далаға шығарып жіберіп, таза «бомжға» айналдырды, - деді Азат Перуашев.
Депутаттың айтуынша, XXI ғасырда өркениетті елде өмір сүріп жатқан кезеңде азаматтарды бомжға айналдыруға жол бермеу керек.
- Отбасы, баласы мен жұмысы барларды «бомжға» айналдыру дұрыс емес. Бұл - біздің азаматтар, біз мемлекет ретінде олар үшін жауаптымыз. Осы мәселені біз осы заң жобасында да қарастырдық. Көптеген сұрақ талқыланды. Біз бүгін процедуралық рәсімге көп көңіл бөліп кеттік, олардың барлығы қосалқы сұрақ. Ең бастысы - біз өз азаматтарымыздың бомжға айналуына жол бермеу. Президент бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырма берді. Мен бизнеспен кім айналысқанын еске салайын. Кезінде олар кепілге пәтерін, үйін қойды. Қазір біз өз азаматтарымыздың баспанаға иелік ету құқығын қорғамасақ, біз тек ипотека төлеушіден ғана емес, әлеуетті кәсіпкерден да айрыламыз, - деді ол.
Депутат азаматтардың жалғыз баспанасын кепілге қойып, артынан оны тартып алу нормасын сынады.
- Азаматтық кодексте жалғыз баспанасынан айырмау туралы норма болды. Бұл норманы алып тастау банктердің мүддесінен шешілді. Былтыр қылмыскер жалғыз үйін алуға келген 5 сот орындаушы мен полицияны атып тастады. Әйел адам тұратын үйі болмағандықтан, өзінің балаларын терезеден лақтыруға мәжбүр болды. Біз осындай әрекеттерге азаматтарды қашанға дейін итермелейміз? Былтыр «Банк және банк қызметі туралы» заң аясында несиенің 90 пайызын өтеген жағдайда «қайта кепілге қою мүмкіндігі бар» деген өте өзекті норманы енгізе алдық. Осы норманы да дәл қазіргідей жағдайда жеңіл шарттармен қолданайық. Егер азамат ипотекасының не болмаса бизнес кредитінің кемінде жартысын жапқан жағдайда, оны жалғыз баспанасынан айырмайық. Не болмаса, оған әлеуметтік баспана беру қажет. Ия, әрине, бұл банктерге жүктеме болады. Бірақ бізде банктер ҚҚС-дан босатылған, онымен қоса, мемлекеттен түрлі қолдау алады. Сол себепті біз осы мәселенің шешімі бар деп ойлаймыз, - деп атап өтті Перуашев Мәжілісте.
Ол адамдарды осындай халге түсіретін нәрсе – несие бойынша жоғары, миға сыймайтын пайыздар екенін айтты.
- Ұлттық банк, сіздер қайда қарап отырсыздар? Ай сайын базалық ставка мөлшерін көбейтесіздер. Қанша қинауға болады? Сіздер адамдарды қандай жағдайға жеткізіп отырғандарыңызды түсінбейсіздер ме? – дейді депутат.
Азат Перуашев жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, заң жобасын қайта қарауды ұсынды.
- Коммерциялық банктерге жұмыс істеуді тоқтатып, мемлекетті ойлауға кірісейік. Біз заң жобасын қолдаймыз. Онда көп мәселеге көтерілген. Бірақ жаңа айтылған мәселелерді екінші оқылымда қарауды ұсынамыз, - деп сөзін қорытындылады депутат.
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды