Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие бере бастайды
Фото: ашық дереккөзден
«Жасыл Даму» ЖШС «РОП Оператор» ЖШС-нен ақша алып, қазір екінші деңгейлі банктерге аударып жатыр. Олар барлық процедуралардан өткеннен кейін жылдық 4 пайызбен жеңілдетілген автокөлік несиесіy бере бастайды.
«Кеше және бүгін банктер өздерінің корпоративтік процедураларын директорлар кеңесі арқылы жүзеге асыруда. Олармен Өнеркәсіпті дамыту қоры қажетті келісімдер жасаған. Олар өз рәсімдерін орындап, дүйсенбіден (16 мамыр) бастап несие бере бастайды. Осы несиелеу бағдарламасын бұрын жүзеге асырған екінші деңгейлі бес банк қазақстандықтарды несиелеуді жалғастырады» деді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр халықаралық машина жасаушылар форумы аясында.
Ол Қазақстанда автонесие бағдарламасының бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын түсіндірді. Олардың айналымында 88 млрд теңге болса, қазір оларға РОП операторының қаражатынан тағы 100 млрд теңге бөлінді.
Алайда қазақстандықтар көліктердің қымбаттығына, олардың тапшылығына шағымдануда. Көптеген сатып алушылар кезекке тұру үшін көліктерін алты ай күтуге немесе диллерлерге пара беруге мәжбүр. Сондай-ақ, көптеген диллерлер сатып алушыларды қажетсіз қымбат опциялардан бас тартуға мәжбүр етеді.
Роман Склярдың айтуынша, диллерлерді тексеруге Сауда және интеграция министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлері жауапты болады. Ал жоғары баға метал бағасының өсуіне және дүние жүзінде жартылай өткізгіштердің тапшылығына байланысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық