Банк саласындағы жағдай орнықты
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту агенттігі соңғы апталарда банк клиенттері депозиттерінің өскенін растады. Еліміздің банк секторында депозиттер санының кемуі болған жоқ.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиенттердің екінші деңгейлі банктердегі депозиттеріне қатысты жағдай туралы хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, 24 ақпан мен 11 наурыз аралығында екінші деңгейлі банктердегі клиенттердің салымдары тек қана өсуде.
«2022 жылдың 24 ақпанынан бастап екінші деңгейлі банктер клиенттерінің депозиттері 586 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға өсіп, 26,8 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 51,4% немесе 13,9 трлн. теңге. Заңды тұлғалардың депозиттері – 48,6% немесе 13,1 трлн. теңгені құрады. Клиенттердің шетел валютасындағы депозиттерінің үлесі теңгенің шетел валюталарына қатысты бағамының өзгеруі аясында шетел валютасындағы депозиттерді қайта бағалау есебінен банктердегі барлық депозиттердің 39,5%-дан 41,9%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда, банк клиенттерінің депозиттерінің өсуі елдің банк секторынан депозиттердің азаймағанын көрсетеді» делінген министрлік таратқан хабарламада.
2022 жылдың қаңтарында «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігімен халықтың депозиттеріне кепілдік берудің шекті мөлшері 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылғаны атап өтілді.
Агенттік кейбір ресейлік банктерге салынған санкциялардың Қазақстанның банк саласына жанама әсер еткенін мойындайды. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, қазақстандық банктердің және жалпы банк саласының қызметі зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық