«Балық пен құс та өліп жатыр»: Маңғыстауда өлген итбалық саны мыңнан асты
Фото: freepik.com
Маңғыстау облысында теңіз жағасында тағы 300 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін өлген итбалықтар саны 700-ге жеткенін хабарлаған едік. Ресми ақпаратқа сәйкес, қырылған итбалық саны мыңнан асты.
11 қараша таңертең Маңғыстау облысының Қарақия және Түпқараған аудандарында Каспий теңізі жағалауынан 300 итбалық өлексесі табылды. Ақтаудан Қарақия ауданындағы Құрық портына дейінгі аумақта 115 итбалық, Түпқараған ауданындағы Қызылөзен ауылынан Форт-Шевченко қаласына дейінгі аралықта 185 итбалық өлексесі табылған.
Гидробиология және экология институтының маманы Әсел Баймұқанова Каспий жағалауындағы итбалықтың жаппай қырылуына табиғи апат, теңіздің ластануы, індет себеп болуы мүмкін деп отыр. Итбалықтың өлексесі табылған жерден өлген құстар мен балықтар да табылып жатыр.
Белсенді Сырғалай Меңдібай итбалықтардың өліміне балықшыларды кінәлағандарға жауап берді.
«Балықшылардың ауына ілініп өліп жатыр деп кінәлайды. Мына жерде олардың ешқандай ауға шатысып өлмегені көрініп тұр», - дейді белсенді.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт