Қостанайда қар еріп, көліктер балшыққа батып жатыр
tobolinfo.kz
Қостанай қаласының маңындағы тұрғындар сазға батып бара жатқандықтарына шағымданып, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке видео-хабарлама жазды.
Бұл туралы Orda.kz tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Күнай ауылы Қостанайдан 15 шақырым жерде орналасқан. 2016 жылдан бастап ол облыс орталығына кірген. Осы уақыт аралығында бұл елді мекенде жолдар мен тротуарлар салынбаған. Тұрғындар қыстың күні тек жол бөлігі қардан тазартылатынын айтты. Соның салдарынан көктемде елді-мекен балшық пен еріген қар суына батып жатыр. Тұрғындар балаларын мектепке жіберіп, өздері жұмыс пен ауылдағы жалғыз дүкенге қалай барарларын білмей отыр. Сондықтан олар облыстық биліктен көмек сұрады.
– Біз түнде көлікті көшеде қалдырып кеткенбіз. Таңертең барсақ машинамыз балшыққа батып кетіпті. Қалай жолға шығамыз? Балалар мектепке, ал ересектер жұмысқа бара алмай отыр. Бізде екі аялдама бар, бірақ автобус екіншісіне бармайды. Тасқын судың кесірінен кейде дүкенге нан да келмейді, - деді ауыл тұрғындары өздерінің бейне үндеуінде.
Күнай елді мекеніне бес жылдан бері Konglomerat.KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді. Оның басшысы Роман Канава ауыл тұрғындары айтып отырған проблемалар екі жыл бұрын пайда болған деп түсіндірді. Содан кейін ықшамауданды дамыту үшін олар коммуникация жүргізіп, саз қабатын көтерген. Оның айтуынша, кәсіпорын ауыл жолдарын сәл жер қарайғаннан кейін тәртіпке келтіреді.
– Қазір саз балшық судың өтуіне жол бермейді, айналаның бәрі былыққа айналды. Бірақ осы жағдайдың өзінде бірде-бір үйді су басқан жоқ. Экскаватор жүргізіп, мүмкіндігінше судың ағып кетуіне жол аштық. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Ол жерде суды тәулік бойы сорып отыруға болмайды ғой, бюджетте ондай көп ақша жоқ. Су сәл бәсеңдеп, құрғасын, біз бәрін жөндейміз, - деді Роман Канава.
Күнай ауылының тұрғындары ауылда әлі де қар көп екенін және жағдай күн сайын нашарлай түсетініне шағымдануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық