Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваны Франкфурт әуежайында террорист деп ұстады
коллаж: el.kz
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев 2015 жылы айтысты насихаттау барысында Оңтүстік-батыс Африкадағы Намибия мемлекетіне барған болатын. Ақын сол сапарындағы қызықты оқиғаны айтып берді.
Бұл туралы el.kz хабарлайды.
«Айнұр Тұрсынбаева екеуіміздің бармаған жеріміз жоқ. Бір рет Африкаға жолымыз түсті. Қазақ пен қырғыздың айтысы UNESCO-ға енетін болды. Сол мақсатта Намибия деген елге бардық. Бірақ ол елге Франкфурт арқылы тікелей ұша алмайды екенсің. Солтүстігіне жетуу үшін алдымен Оңтүстік Африкаға қондық. Алайда екі мемлекеттің шекарасын аттаған соң, сол елдің визасын алу қажет екен», – дейді Балғынбек Имашев «Кімнің есінде» бағдарламасында.
Оларға Оңтүстік Африканың визасы керек болған. Айтыскерлер біз ол жерде көп аялдамаймыз, Намибияға барамыз деген. Соған қарамастан Франкфурт әуежайында екеуін алып қалған.
«Айнұр екеуіміз де ағылшын тілін білмейміз. Мәдениет және спорт министрлігіне ұша алмағанымызды айтып қойдық. Дәл сол тұста терроризм өршіп, әр жерде жарылыс көбейген еді. Менің сақалым бар, Айнұр да әшейін де ашық жүретін, сол уақытта оранып алған. Содан сөмкемді қойып, дәретханаға кіріп кеткенмін. Сөйтсем, камералардан сақалды адам келіп, қара сөмке қойып кетті деп шулапты. Айнұр артымнан мені ерлер дәретханасынан іздеп жүр», – дейді Балғынбек Имашев.
Сыртқа шыққанда, әскер қоршап алғанын көрген. Төлқұжатын сұрапты, бірақ ол сөмкеде болған.
«Полицейлер басында сөмкені аштырмай, қызық болған. Айнұр қорқып кеткен. Әйтеуір, тіліміз жеткенше түсіндіріп, құтылдық. Сөмкемде ештеңе жоқ екенін көріп, түсініктеме жаздырды», – дейді ақын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық