Баласын көпірден лақтыруға кедергі келтірген әйелін пышақтаған ер адам сотталды
Фото: ашық дереккөзден
2021 жылдың жазында Атырауда балаларын бұрынғы жұбайынан тартып алып, артынша оны пышақтап кеткен ер адам сотталды. Ер адам баласын көпірден лақтырамын деп әйелін бопсалаған.
Үйінде бірнеше рет жанжал шығарған күйеуі әйелін ұрып-соғып, одан үш баласын тартып алған. Әйел Атырау қалалық полиция басқармасына күйеуінің үстінен арыз жазған. Бірақ жазылған бірнеше арызы да дұрыс қаралмаған. Тек бұл оқиға қоғам талқысына түскен кезде, күйеуі әкімшілік жауапқа тартылған.
2021 жылдың 22 тамызында күйеуі әйеліне балаларды алып кетпесе, оларды көпірден лақтырып жіберемін деп қорқытқан. Әйел балаларын құтқаруға барған жерде өзі пышақталған.
Іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (Адам өлтіруге оқталу) түскен. Бірақ іс 106-бабқа (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) өзгертілген.
«ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес түпкілікті 3 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген соттың баспасөз қызметінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық