Баланы сексуалды құлдыққа сатқан күдікті елге жеткізілді
Кәмелетке толмаған баланы сексуалды құлдыққа сатты деген күдіктіні Бахрейннен Қазақстанға әкелді.
Кәмелетке толмаған баланы сексуалдық құлдыққа сатты деген күдікті әйел Бахрейннен Қазақстанға әкелінді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады. Ол кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматын Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында сатты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан қашып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Қазақстан мен Бахрейн Корольдігі арасында іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау туралы келісім болмаған жағдайда, Бахрейн тарапымен күдіктіні экстрадициялау туралы келісімге Бас прокуратура халықаралық құқықтағы өзара қарым-қатынас принципі негізінде қол жеткізгені атап өтілді.
«Қазір күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, осы қылмысты жасауға қатысы бар бірқатар тұлғалар бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын» деп толықтырды қадағалау органы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық