«Баланы бақыртып тепкілеп жатыр»: Желіде белгісіз ер адамның сәбиді тепкілеген бейнесі тарады
Бейнажазбадағы кадрдан үзінді
Болған оқиғаның видеосын «Не молчи» қоры әлеуметтік желі арқылы таратты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Жазылушыдан шұғыл хабарлама келіп түсті. Видеода ер адам 4-5 жастағы баланы тепкілеп жатыр. Жанында дәл сол жастағы қыз бала жылап, еңіреп отыр. Екеуі де бақырып жылайды. Үй лас. Балалар азып-тозып кеткен. Бұған қараудың өзі мүмкін емес» делінген хабарламада.
Не молчи қорынан Дина Таңсәрі бұл мәселені балалардың құқықтары жөніндегі жауапты Динара Зәкиеваға, Жетісу және Түркістан облыстарының полиция департаменттеріне пысықтауды сұрады.
«Біз оқиғаның қайда болғанын білмей отырмыз. Өзбек тілінде айтып жатқанымен біздің елдің оңтүстігінде болғаны туралы ақпарат бар. Бізге осыны жіберген әйел жазбадағы адамның сөз мәнері Қарабұлақ ауылы тұрғындарының тіліне ұқсайтынын айтады» дейді Не молчи қоры.
Еске салайық, кеше Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер талқыланған еді. Заң жобасын мәжілісте депутаттар әзірлеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық