Баламды қай жерге апарып, зорлағанын айтты: Түркістанда мүгедек жігітті зорлаған ағайындылар
Фото: Бейнежазбадан кадр
Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылының тұрғыны Гүлзада Ахметова 23 жастағы ұлының 13 жыл бойы зорланғанын айтып, әділдік іздеуде. Қайғыға тұншыққан ананың жанайқайын Orda.kz тыңдады.
Анасының айтуынша қайнымның үш баласы мен ауылдың тағы үш баласы балама жыныстық азғындық жасаған.
«Ақпанның бас кезінде менің әмиянымнан 41 мың теңге жоғалады. 23 жастағы ұлым Нұрланнан сұрасам, қайнымның баласы келген, сол алды деді. Мен іле-шала абысыныма хабарласып, ақшаны дереу қайтаруды талап еттім, олар кешірім сұрап ақшамды алып келді. Содан 18 ақпанда кешкі сағат алтыда Нұрлан «Мама, ақшадан да жаман іс болып жүр» дейді. Естіп, сол жерде талып қала жаздадым. Баламның айтуынша, қайнымның үш баласы мен ауылдың тағы үш баласы балама жыныстық азғындық жасаған», – деді Гүлзада Ахметова.
Балама 10 жасынан азғындық жасаған
Гүлзаданың 23 жастағы ұлы екінші топтағы мүгедек. Өте әлжуаз, үдірейе қарағаннан үрке қашатын қорқақ.
«Балам күдіктілерді 10 жасынан бастап азғындық көрсетіп келді дейді. Қайным үш баласының қылығын естіп: «жеңге, балаларыма қандай айып тақсаң да, қандай жаза қолдансаң да мен сен жақпын. Бұлар мені қарабет қылды» деді», – деп туысының сөзін айтқан Гүлзада Ахметова әр сөзін ентігіп әрең жеткізді.
Нұрлан психолог, психиатр, адвокат, тергеуші бәріне жауап берген. Тілінде ақау болғандықтан кейбір сөзін анасының сүйемелдеуімен жеткізген.
Арызыңды ал, сұрағаныңды берейік
«Қайнымның үш баласының үлкені 26 жаста, одан кейінгісі 23, кішісі 20 жаста. Қайным бізге аталас туыс. 23 ақпанда барлық сараптама жасалды, бір айдан соң шешімі шығады. Күдіктілердің туыстары кешірім сұрап, сұрағаныңды береміз, арызыңызды алыңыз деп келіп жатыр. Бірақ мен әділдікке жету үшін соңғы демім қалғанша күресемін», – дейді Гүлзада.
Оқиғаны ести салып, жігіттің анасы бар, ауылдың ақсақалдары бар, бәрі күдіктілердің үйіне бас салып кірген. Бірақ үш ағайындының бірі терезеден, екеуі есіктен қашқан. Күні кеше екеуі полиция бөліміне өз аяқтарымен барған. Оқиға жария болған күннен бастап 5 рет ауылда жиын болған. Бірі ойға тартса, бірі қырға тартқан. Ең соңында ауылдағылардың көзқарасы өзгеріп сала берген, ал баласының зарын айтқан ана сөзін сөйлейтін адам жоқ жалғыз қалған.
«Қамаңыздаршы, олар маған тағы тиіседі ғой»
«Қайнымның екі баласы үйге кешірім сұрап келгенде, баламды қай жерге апарып зорлап жүргенін айтып берді. Сонда ең болмаса бір ауыз сөзін диктафонға жазып алсамшы, ойыма келмеді. Сол қайнымның үйіне моншаға баратын едік, күдіктілер сол кезде білгендерін істеп жүрген. Соңғы рет 7 ақпанда ақшамды ұрлаған кезде зорлаған. Адвокаттар мен тергеушілерге «қамаңыздаршы, бұлар тағы да тиіседі, мен қорқамын» деді балам», – деді туыстарынан азғындық көрген жігіттің анасы.
Гүлзаданың айтуынша, тергеуші дәлел жоқ, сот-медициналық сараптаманы күтеміз деген.
Күдікке ілінген 6 адамның үшеуі туған ағайынды, әрі Нұрланның туысы. Ал туыс емес күдіктілердің екеуі кәмелетке толмағандар: бірі 2011 жылғы, енді бірі 2009 жылғы.
Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтады.
«Бұл факт полиция бөлімінде тіркеліп, барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары атқарылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 6 жергілікті тұрғынды жеткізіп, жауап алды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жасалды және жедел тергеу шаралары атқарылуда. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық