Балаларды қорғау күніне жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 1 маусымнан бастап 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға біржолғы жәрдемақы қарастырылмағанын ескертеді.
Әлеуметтік желілерде 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға Kaspi gold мобильді қосымшасындағы әлеуметтік аккаунт арқылы біржолғы жәрдемақы төленеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Өтініш арқылы республикалық бюджеттен бала туғанда біржолғы жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет жүзеге асырылғаны атап өтілді. Бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына берілетін жәрдемақы мөлшері 116 394 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан да көп балаға 192 969 теңгені (63 АЕК) құрайды. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 134,1 мың адам 18,4 млрд теңгеге алған.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған өтініш арқылы азаматтар республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы бала санына қарай сараланады.
Биыл бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші балаға 24 045 теңге (7,85 АЕК) және одан көп балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК).
1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам 4,7 млрд теңге көлемінде алған.
«Азаматтардан бұндай жалған мәліметтерге мән бермеуді және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады» деді ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық