Балалар және әлем: АҚШ-та Мелания Трамптың Путинге жазған хатының мазмұны жарияланды
Фото: Әлеуметтік желілерден
АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп күйеуі арқылы Владимир Путинге хат жолдап, онда «балаларды соғыстан қорғап, оларға балалық бақытты» қайтаруды сұраған. Дональд Трамп бұл хатты Ресей басшысына Аляскадағы кездесуде табыс еткен, деп хабарлайды Orda.kz Fox News-ке сілтеме жасап.
Хатында Мелания «әрбір бала сүйіспеншілікке, мүмкіндіктерге және қауіпсіздікке ұмтылады» деп атап өтіп, әлем көшбасшылары келер ұрпақтың болашағына қамқор болуы тиіс екенін айтқан:
«Әр ұрпақтың ұрпағы географиядан, биліктен және идеологиядан биік тұратын кінәсіздікпен өмірін бастайды. Балаларды қорғай отырып, сіз тек Ресейге ғана емес, бүкіл адамзатқа қызмет етесіз».
Мелания Путиннің дәл өзі «балаларға шат күлкіні қайтара алатын жалғыз адам» екеніне сенім білдірген.
«Осы балалардың кінәсіздігін қорғай отырып, сіз Ресейге ғана емес — адамзатқа қызмет етесіз» деп жазған Мелания Трамп.
Айта кетерлігі, хаттың мәтіні жарияланбай тұрып Reuters агенттігі онда украиндық балалардың азабы туралы сөз болатынын хабарлаған еді. Алайда құжат түпнұсқасында Украина да, Ресей бастаған соғыс та тікелей аталмайды.
Хатты Путинге табыстау кезінде АҚШ президенті әйелі Ресей көшбасшысына жанашырлықпен қарайтынын атап өткен. Сонымен қатар Трамп жұбайын «өте ақылды әрі бейтарап» деп сипаттап, оның да өзі сияқты «адамдардың өлімі тоқтағанын қалайтынын» айтқан.
Өз кезегінде, Трамптың айтуынша, Ресей президенті Меланияны «өте құрметтейтінін» жеткізген.
«Мен: «Ал мен ше?» деп сұрадым. Ол: «Жоқ, бізге Мелания көбірек ұнайды» деп қалжыңдады», — деді Ақ үй басшысы.
Бұған дейін The Hill басылымы Трамптың Мәскеуге қатысты пайымын қатаңдатуына әйелінің ықпал еткенін жазған, ал The Times Мелания АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсету туралы шешіміне де әсер еткенін хабарлаған.
15 тамызда Аляскада Путин мен Трамптың кездесуі өтті. Келіссөздер «үшке үш» форматында ұйымдастырылып, екі сағат 45 минутқа созылған.
Қазақстан бұл саммитті қақтығысты реттеуге бағытталған қадам ретінде бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуін «тарихи маңызы бар оқиға» деп атап, Украина жөніндегі жоғары деңгейдегі келіссөздерге жол ашқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық