Балалар үйінің түлектері Тоқаевқа: «Тұратын жеріміз жоқ»
Балалар үйінің түлектері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа ұжымдық бейне үндеу жазды. Олар видеосында баспана бөлу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбаны 100baksoff қоғамдық ұйымы Instagram желісінде жариялады.
«Тоқаев мырза, Досаев мырза, бізге назар аударыңыздар: біздің тұратын жеріміз жоқ! Балалар үйінің мыңнан астам түлегі көшеде қалдық. Жалдамалы баспана тым қымбат. Пәтерлердің қалай берілетініне назар аударыңыз. Балалар үйінің түлектерін неге баспанамен қамтамасыз етпейді?», – деді арызданушылардың бірі.
Тағы бір жас жігіт 2014 жылдан бері баспана кезегінде тұрғанын атап өтті. Соңғы екі жыл бойы кезектің шеті де қозғалмаған.
«Егер кезек дәл осылай жылжыса, мен 78 жасқа келгенде пәтер алады екенмін. Бізге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тезірек пәтерлерімізді алуға көмектесуіңізді сұраймын», - дейді балалар үйінің түлегі.
Алматы әкімдігі осы видеоүндеу бойынша Orda.kz сайтына түсініктеме берді. Мекеменің хабарлауынша, видеодағы жастардың баспана алу кезегі мегаполистің өзінде емес, Алматы облысында екен.
«Бейнежазбада Қазақстан Президенті мен Алматы әкіміне өтініш білдірген азаматтар Алматы облыстық №1 балалар үйінің түлектері және Алматы облысы әкімдігінде баспана кезегінде тұрғандар (олар Алматы қаласының тұрғын үй алу кезегі тізімінде жоқ). Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 71-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу азаматтардың тұрақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу өтініш авторлары кезекте тұрған Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне жатады», - деді әкімдіктен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық