Балаларға арналған тегін спорт секциялары жабылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөздег
«ART-СПОРТ» мемлекеттік бағдарламасы әрбір қазақстандық балаға спорттық және шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік берді. Бірақ бір жылға бөлінген қаржы ақпан айында біткен. Жаттықтырушылар мен мұғалімдер наурыз айының жалақысын алған жоқ.
Көптеген ата-аналар «ARTSPORT»-ты мемлекеттің ең жақсы бастамасы деп атайды: бұл тегін үйірмелер ата-аналарының қаржылық әл-ауқатының деңгейіне қарамастан барлық жас қазақстандықтардың таланттарын ашуға мүмкіндік берді. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың көрегендік есептері бүкіл бағдарламаға қауіп төндірді.
Елордада 4 пен 17 жас аралығындағы 200 мыңнан астам бала тұрады. Әр адам үйірмелер мен секциялардың әлеуетті келушісі болып табылады. Алайда 3 мың адамға ғана қаржы қарастырылған. Яғни, билік бұл бағдарламаға балалардың 1 пайызы ғана қызығушылық танытады деп есептеген. Негізінде олардың саны одан он есе көп.
«Біз наурыз айынан бері әлеуетті жеткізушілерге қарыз болып қалдық. Наурыз айы үшін 400 млн.теңге. Енді сәуір айында шамамен 650 болады деп күтеміз. Мамыр айында көбірек болуы мүмкін. Қосымша білім беру ұйымдары үшін бұл үлкен соққы. Көбісі банктерден несие алды, біреу келісім-шарт бойынша айыппұл төлеуі керек» дейді Нұр-Сұлтан қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмас Абаев.
Ділшат Жәнібектің би студиясы 300-ге жуық жас астаналықтарды оқытады. Үш ай бойы хореограф өз бетімен жұмыс істеген. Бірақ қазір жаттықтырушыларға жалақыны қалай төлерін білмей отыр.
«Наурыз бен сәуір айларын есептесеңіз, 2-3 млн шамасында. Ал жұмыс жасалып үлгерді. Жексенбі бізде жарыстар жоспарланған. Мен жаттықтырушыға «сабақтарды тоқтатамыз» дедім. Олар «жоқ, кешіріңіз, мүмкін емес - бізде жексенбіде чемпионат бар» дейді. Яғни, біздің жаттықтырушылар балалар үшін, болашақ үшін еңбек етуде» дейді Дилшат.
Мақпал Қалмурзинаның балалары бос уақыттарын секцияларда үлкен қуанышпен өткізді: ұлы дзюдо мен футболды жақсы көреді, ал қызы би билейді. Оларға енді сүйікті ісін тастауға тура келетінін айту оңай болған жоқ, дейді астаналық тұрғын.
«Соңында барлық балалардың назарға алынғаны үшін мемлекетке алғысым шексіз. Бұл секциялардың құны кем дегенде 20 мың, үш секцияға 60 мың. Бізде ондай ақша жоқ. Үш балам бар, көп балалы емеспін, мемлекеттен ешқандай жәрдемақы алмаймын» деді астана тұрғыны.
Ата-аналар мен кәсіпкерлер ел президенті ұсынған бағдарлама қалалық деңгейде шешілді деп, жұмысын тоқтата алмайтынына жергілікті билік өкілдерін сендіре алды. Нәтижесінде спорт секцияларын жабу туралы шешім әлі де жойылмады.
Қаржы қашан бөлінетіні белгісіз. Билік бұл жағдайдан шығудың жолын тапқанша, спорт орталықтары өз күштеріне сүйеніп, ынтамен жұмыс істеуі керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық