«Балабақшада да кісі өлімі бар»: Қорғаныс вице-министрі жастардың әскерге барудан неге қорқатынын түсіндірді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Неліктен Қазақстан жастары әскерге барудан қорқады? Бұл сұраққа Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, бұл — әлеуметтік және психологиялық сипаттағы мәселе.
«Жастар жайлы өмір сүруге үйренген. Олар расында өзгеше өмірден қорқады. Олар еркіндікке, қалыптасқан бір тәртіпке үйреніп қалған. Ал әскер — мүлде басқа әлем. Әрине, бұл қорқыныш туғызады», — дейді министрлік өкілі.
Ол мұндай қорқыныштың — табиғи құбылыс екенін атап өтті.
«Бұл — кез келген адам үшін қалыпты нәрсе. Мәселе адам бұл қорқынышты қалай жеңетінінде. Бұл — бәрімізге ортақ мәселе, оны да бірге шешуіміз керек».
Өткен жылы әскерге аттанып, мүрдесі қайтқан балалардың ата-аналары әділдік талап етті. Ол жағдай үлкен резонанс тудырды. Мұндай қайғылы оқиғалар туралы бұқаралық ақпарат құралдары да тұрақты жатыр.
«Адамдар тек әскерде ғана емес, мектептерде, балабақшаларда, жолда да қаза табады. Мен бұл мәселеге соншалықты акцент қоймас едім», — деді спикер.
Ол әскерде мұндай жағдайлар азайғанын көрсететін статистика бар екенін айтты. Бірақ соңғы жылда қанша әскери қызметкер қаза тапқанын нақты айта алмады.
Еске сала кетсек, жақында ғана «шатыр басып қалды» деген (ред. ресми нұсқада осылай жазылған) қайтыс болған сарбаз Алмас Шахимовтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Ал оның ата-анасы баласының өліміне шатырдың еш қатысы жоқ екенін айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық