Балабақша есепшілері 54 млн теңге жымқырды

cover Фото: freepik.com

Ақтөбе облысында балабақша бухгалтерлері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасымен мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемдену деректерін анықтады.

«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері 5 млн теңге шығынды өтеп, жазадан құтылды. Ал «Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемденгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар