Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Бишімбаевтың сотына қатысты өз пікірін білдірді
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қоғамды дүр сілкіндірген істі жіті қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Жақында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы істің соты басталады. Алматыда қаза тапқан 4 жасар баланың соты өтіп жатыр. Ақпанның ортасында Алматы облысындағы 3 жасар егіздер мен олардың үлкен әпкесін зорлау ісі бойынша сот басталады. Баршамызды дүр сілкіндірген осындай сұмдық оқиғалар әр жолы бір үлкен мәселенің - әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқанын, жақындарының қолынан қаза тауып жатқанынын көрсетеді.
Күн сайын қылмыс туралы хабарламаларды алып, балалар мен әйелдер бастан кешкен әділетсіздік пен азапты көріп, әлі күнге дейін белгісіз себептермен, ескі және адамгершілікке жатпайтын көзқарастардың салдарынан тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ақтауға болатынына сенетін адамдар барын көріп келемін. Кез келген зорлық-зомбылық үшін жаза қайтарымсыз әрі ең қатаң болуы керек.
Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша соталды немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін деректерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалмақ деген ақпарат бар. Кейбір адамдар бұл медиа компанияны қолға алып үлгерді. Адамдардың бұған қалай қатысып жатқанын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіне алмаймын. Бұл іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін емес деген нақты белгі болуы керек.
Әлбетте, зорлық-зомбылықпен күресте қатаң заң керек. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес біз, депутаттар, мемлекеттік органдар қыркүйектің басында заң жобасын дайындадық, қазір ол Мәжіліс талқылауында. Бұл ретте Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің басты факторы қоғамдағы "заңдылық пен құқық тәртібі" қағидатын сақтай отырып, агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне "мүлдем төзбеушілікті" дамыту керегін атап өтті. Және бұл әрқайсымызға байланысты.
Азаматша, әйел және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде мен сот барысын жіті қадағалаймын. Біз қоғам болып әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген жағдайында әділдік іздеуіміз керек», - деді ол.
Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені үшін ұсталған болатын.
Жаңалықтар
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды
- Қостанайда қамаудағы бес азаматты сотқа алып бара жатқан полиция көлігі апатқа ұшырады
- Ұлттық ұланның 1 млрд теңгеден астам тұратын жері мемлекетке қайтарылды
- Әскери кафедрада оқығандар екі жылдық қызметке шақырыла ма?
- Елімізде найзағай ойнап, аптап ыстық +43 градусқа дейін көтеріледі
- 62 жастағы әйел 34 әшекейді интим жеріне жасырып, заңсыз өткізбек болған
- Президент Ішкі істер министріне «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді
- Астанада Ақордаға қарама-қарсы орналасқан Триатлон паркінде өрт шықты
- Қайрат Сатыбалдының меншігі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығы миллиондарға арзандаса да ешкімге керек болмай тұр
- ДДСҰ және World Population Review дерегі бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы ең көп ішетін елге айналған
- АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризм күдігімен ұсталды
- Боралдайда сушидан 19 адам уланып, аруханаға түсті
- СҚО-да жұмыс іздеп барып, далада қаза тапқан тракторшының өлімі туралы не белгілі?
- Израильдік БАҚ: Иран АҚШ-пен келіссөздердің 60 күндік кезеңі арқылы «уақыт ұтуды» көздеп отыр
- G7 құрамындағы елдер Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға көмекті арттырмақшы
- Павлодар облысының тұрғыны өзінің үш жасар қызын өзгеден деген күмәнмен азаптап өлтіріп, өмір бойына сотталды
- Қазақстан мен Чехия полициясы азаматтардың жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны әшкереледі
- Жазушы Өтебай Қанахиннің немересінің өлімі қоғамдық резонанс пен депутаттың қозғау салуынан кейін ғана алға жылжыды
- Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
- Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты