Бақытжан Базарбек: Мемлекеттік органдардың компанияларға сот шешімін орындатуға тісі батпай отыр
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Премьер-министр мен Бас прокуратураға жолдаған депутаттық сауалында жер дауы мәселесін қозғап, сот шешімі шықса да, оны орындатуға мемлекеттік органдардың тісі батпай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Мысалы, Алматыда "Швейцария", "Граф", "Люксембург", "Французский дом" сияқты тұрғын үй кешендері бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша заңсыз деп танылса дағы, соттың шешімін орындауға мемлекеттің қауқары жетпей тұр.
Ал, Алматының Бостандық ауданында Ескі Қазақстан өкілдеріне тиесілі Халық банк, Құса-халық иелігінде болған өзеннің су қорғау аумағына кіретін көлемі 52 гектар жер учаскесі соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын.
Бірақ та, іс жүзінде жер қайтарылса да, құрылыс жұмыстарын ешкім тоқтата алмай жатыр. Бұрынғы иелері су қорғау аймағын өзен арнасымен бірге топырақпен тегістеп, көп қабатты тұрғын үйді көтеруге жан жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Оны мен Алматы қаласы жер инспекторларымен бірге өз көзіммен көрдім», – дейді мәжілісмен.
Мәжіліс депутатының сөзінше, «Рахат» базарының 200 жуық саудагері 2022 жылы Алматы қалалық соты Бауыржан Байбектің заңсыз қаулысын 3 жылдан кейін бұзып, жеңіске жетсе де, базар жерін әлі де даулап, ала алмай жүр.
«Ал Шымкентте заңсыз СПК "Шымкент"-ке берілген аумағы 77 гектар болатын 46 жер телімін жергілікті жер инспекторлары сотқа беріп, заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен жалға алу шарттарын бұзды.
Енді соттың шешімін орындау аясында мемлекеттік меншікке қайтаруға келгенде Шымкент қаласының әкімдігі аталған жерлерді мемлекеттік балансқа әлі қабылдамады!
Инспекторлар жерді мемлекеттік меншікке қабылдау бойынша және соттың шешімін орындау қажеттігі туралы бірнеше ресми ескертті. Бірақ, Шымкент қаласының әкімдігі әрекетсіздік танытуда! Бұны қалай түсінуге болады?
Ол аздай сол 46 жер учаскенің ішінде «Шығыс Монтаж Строй» мекемесіне тиесілі жер мемлекеттік меншікке соттың шешімімен қайтса дағы, соттың шешіміне қарамастан дәл сол жерде жаңа «Ұлы дала» тұрғын-үй кешені құрылысын бастап кетті», – дейді ол.
Осы тұрғын үй кешенін салуды доғарыңдар деген соттың шешімі шықты, заңды күшіне енді, бірақ соттың шешімін орындатуға мемлекеттік органдардың тісі батпай отыр.
«Бұл жағдай Хюндай орталығы аймағында көп қабатты тұрғын үй соғуға берілген 2 жер телімі сот шешімімен қайтарылса да, іс жүзінде заңды шешім тағы да орындалмай отыр.
Ал елордамыз Астанада "Дублин", "Сенсата билд" және "Вашингтон" тұрғын үй кешендері құрылыс жүргізу рұқсат құжаттарынсыз ғана емес, тіпті жерге тиісті құқықты алмай заңсыз құрылыс бастап кеткен.
2022-2024 жылдары аралығында шығарылған сот шешімдеріне сәйкес елордадағы құрылысты тоқтату және көтерілген тұрғын-үйлерді сүру міндеттелсе де, соттың шешімін орындайтын компания жоқ», – дейді Бақытжан Базарбек.
Базарбек осы орайда «заң талаптарын қалай орындаймыз?» деген сауал ортаға тастады.
«Сонда еліміздің 3 ірі негізгі қалалардың ГАСК саласындағы уәкілетті органдары, қала прокуратуралары, Әділет департаменттері мен КДС-і бар, шығарылған сот шешімдерін орындатуға, міндеттеуге қауқарсыз болғаны ма, шамалары жетпеді ме? Президент айтқандай, заң талаптарын қалай орындаймыз?!
Жоқ жерлерді заңсыз алып алған, заңсыз құрылысты жүргізіп жатқан, соттан жеңіліп калса да, соттың шешімін орындамауға бизнесмендердің шамасы жетіп тұр ма?» – дейді Б.Базарбек.
Жер қатынастары өзі алдына, кез келген салада сот шығарған және заңды күшіне енген шешімі міндетті орындалуы тиіс.
«Соттың шешімін орындамау бұл Ескі Қазақстанның шынайы көрінісі, қоғамдағы әділдік пен құқықтық ақиқатқа балта шабу деп есептеймін.
Осы ретте, президентіміз айтқандай, заң диктатурасын орнату және сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуымен ғана біз – Әділетті Қазақста орнатамыз.
Сондықтан, жоғарыда келтірілген фактілер бойынша барлық шешімдер теза рада сот актілері негізінде қабылдануы тиіс», – дейді Мәжіліс депутаты.
Жаңалықтар
- Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кідіреді
- Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Еліміздің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өзгерді
- Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
- Алматы облысындағы күре жолдағы жол апатынан әйел адам қаза тапты
- НАТО-ның аралдағы тұрақты миссиясын барлайтын әскери топ Гренландияға келді
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды