Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Танымал боксшы Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Спортшы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы болды. Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев таныстырды.
«Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат. Бақтияр Ғарифоллаұлының осы кезге дейін алған білімі мен жинаған мол тәжірибесін ескеріп, Сыр өңіріндегі спорт және туризм саласын бұрынғыдан да қарқынды дамытады деп сенім білдіреміз», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Сонымен қатар «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.
Ол – 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған спортшы, Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы.
Жаңалықтар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады