БАҚ-та Нұрлан Сабуровтың шетелдегі жылжымайтын мүліктері туралы ақпарат таралып жатыр
Фото: әзілкештің парақшасынан
Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеу облысындағы сәнді коттедж бен жер телімінің иесі болып шықты. Стендапер жабық элиталық кентте тұрады, оның құны шамамен 115 миллион рубль (шамамен 731 миллион теңге) болады. Әртістің иелігіндегі кадрларды SHOT телеграм-арнасы жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Арнаның мәліметінше, әзілкештің үйі «Новорижский» тұрғын үй кешенінде 1285 шаршы метр алаңда орналасқан.

Сабуров жерді 2022 жылы 12,2 миллион рубльге сатып алыпты. Онымен бірге оның отбасы - әйелі және үш баласы тұрады, ерлі-зайыптылар бұның бәрін көпшілік көзінен таса ұстағанды жөн көреді.

Сондай-ақ стендаперде екі автомобиль бар: 2018 жылғы SBR нөмірімен Mercedes «Гелендваген», оның бағасы - шамамен 20 миллион рубль (128 миллион теңге) және 2021 жылғы Cadillac Escalade, құны шамамен 11 миллион рубль (70 миллион теңге).
19 мамырда Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды, себебі 90 күнге рұқсат етілген мерзімінен асып кеткен.
Дегенмен Сабуров айыппұлмен құтылды, оған РФ-дан кетуге және көші-қон заңнамасының барлық ережелері бойынша қайтып келуге екі апта уақыт берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық