Байжанов жазасының өтелмеген бөлігін ауыстыруды өтінбек
Фото Orda.kz
Бишімбаевтың ісі бойынша Байжанов жазасының өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтінішін қарашаның басында бере алады, деп Orda.kz хабарлайды.
Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтінішін 2024 жылдың қараша айында бере алады. Оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев Байжанов мұндай өтініш беру-бермейтінін әлі шешпегенін айтады.
Оның айтуынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу үшін Байжанов тағайындалған 4 жылдың 2 жылын өтеуі керек.
«Байжанов жазасының өтелмеген бөлігін жеңілірек жазаға, бас бостандығын шектеуге немесе айыппұлға ауыстыру туралы өтініш беруге мүмкіндігі бар. Егер ол бір рет өтініш беріп, бас тартылса, онда ол 6 айдан кейін ғана қайта өтініш беруге құқылы. Ол шешім қабылдап, мекеме әкімшілігіне өтініш жазуы керек, кейін сотқа өтініш хат жолданады», - деді Ынтықбаев
Еске сала кетейік, 2024 жылды бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен азаптап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық