Байзақтағы жарылыс: қираған үй иелері наразы
Байзақтағы жарылыстан қираған үйлердің қалпына келтірілуіне зардап шеккен тұрғындар наразылық білдіруде.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының тұрғындарына көмек ретінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, сондай-ақ көмек көрсетуге демеушілер де тартылатындығы айтылған болатын.
Байзақ ауданында төтенше жағдай кезінде бүлінген нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 7 жұмыс тобы құрылды. Олардың құрамына құрылыс басқармасының, ҚазҚСҒЗИ, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және ТЖ қызметкерлері тартылды.

Бірақ, Қайнар ауылындағы Бірлік көшесі 2 үйдің тұрғыны Мақсат Ізбасханұлы құрылысшылардың жасайтын жұмысына наразылығын білдірді.
— Олар сыртын қаптап, сылағын түсірмей қаптаймыз дейді. Көріп тұрсыздар үйдің қабырғасы қимылдап тұр. Бұл үйде олар тұрмайды, мен тұрам. Менің бес балам бар, құласа астында қалады ғой. Үйдің төбесін алғаннан кейін босайтыны босап, құлайтыны құлап жатыр. Осы жәйтті көрсетсем де ешкім елеп жатқан жоқ, - деді үй иесі.
Осы жағдайға байланысты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаевтын пікірін алдық.
— Бүгін таңертең Қайнар ауылын аралап шықтым. Сол үйдің тұрғынымен кездесіп сөйлескен болатынбыз. Бұл мәселе бойынша техникалық сарапшылар мен құрылысшылар бар. Ол кісілерге тапсырма берілді, тағы да қарап, тиісті техникалық қорытынды шығарып берсін. Қорытындыға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Сол ауылдын қалпына келтіру жұмыстарын кестеге сәйкес орындаймыз, - деді Талғат Шариұлы.
Айта кетерлігі, Байзақтағы жойқын жарылыстардан 15 адам қайтыс болып, бір адам із түзсіз кетіп, іздеу салынған болатын. Қазіргі таңда әскери бөлімде тазалау мен тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнынан репортаж жүргізген Orda.kz жергілікті тілшісі - Исламбек Дастан.
Суреттер мен бейнежазбалар Исламбек Дастандікі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық