Байзақтағы оқиға: соңғы жарылыстан үш адам жарақат алды
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы соңғы жарылыстан тағы үш әскери жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының басқарма бастығы, полковник Жұмабек Хасенов жергілікті тілшімізге берген сұхбатында айтты.
Сұхбаттың толық мәтінін Orda.kz редакциясы қосымша жариялайтын болады.

Еске салсақ, биылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар елдімекені маңындағы әскери бөлімнің қару-жарақ сақтайтын қоймасынан өрт шықты.
Өртті ауыздықтауға әскерилер мен төтенше жағдайлар басқармасының офицерлері мен сержанттар құрамы бірлесе тілсіз жауға қарсы тұрып, тосыннан болған қатты жарылыстардан 15 адам қайтыс болып, 1 адам із түзсіз жоғалып кеткендігі туралы жазған болатынбыз.
Өрт шыққан инженерлік оқ -дәрі қоймасы аумағында, 29 тамыз күні сағат 12.20 шамасында жарылысқа ұқсас дыбыс тіркелген.
Жарылысқа ұқсас дыбыстың неден болғандығы туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының басқарма бастығы, полковник Жұмабек Хасенов түсіндіріп берді.

— Үш адам жарақат алғаны рас, күзетші мен «контрактник» жеңіл жарақат алды. «Противотанковый» минаның генераторы болады. Оларды аяқпен басып кетпесе де, 1-2 метр маңында болса, жарылысқа ұқсас дыбыс шығарып, инелерін жан-жаққа ұшырады. Үш әскери дер кезінде госпитальге жеткізіліп, ем домдарын алып, қайта қызметке келді, – дейді Жұмабек Хасенов.

Осы жарылыстан үш әскери жеңіл жарақат алғандығы белгілі болды. Соңғы оқиғадан қайтыс болғандар мен қатты зардап шеккендер жоқ.
Авторы Orda.kz редакциясының Тараздағы тілішісі - Исламбек Дастан.
Материалға қолданылғын барлық сурет автордікі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық