Байзақ ауданы: оқ-дәрiлер фрагменттері бақыланатын жарылыстар басталады
Фото: ашық дереккөз
2022 жылғы 6 маусымнан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданының маныңдағы таулы жерде 2021 жылғы тамыз күні Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлiмiнiң техникалық және оған iргелес аумағында төтенше оқиғадан кейін жиналған оқ-дәрiлер фрагменттерінің бақыланатын жарылыстары қайта басталады .
Жарылыстар жер таулы, шөлдi, елді мекендерден қауiпсiз қашықтықта орналаскан аймақта жүргiзiледi: Тараздан шығысқа қарай 20 шқ және 28349 әскери бөлімінің аумағынан 10-12 шқ қашықтықта орналасқан аймақта.
Барлық параметрлер бойынша бұл аумақ бақыланатын жарылыстарды жүргізуде халықтың қауіпсіздігі , оқ- дәрілердің фрагменттерін тасымалдауды және жоюлы жүзеге асыратын инженерлік-саперлік бөлімшелердiң жеке құрамының қауіпсіздігі үшін ең қолайлы орын болып табылады. Бұл аумақ Жамбыл облысының әкiмдiгiмен қарастырылған, ешкiмнiң жеке меншiгi емес.
Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде аталған алаң әскери полиция қызметкерлерi мен Жамбыл облысы Байзақ ауданының ПБ-мен бiрлесiп қоршалатын болады.
Жақын маңдағы елдi мекендердiң тұрғындарын Байзақ ауданының әкiмдiгi жуырда оқ- дәрiлер фрагменттерiнiң бақыланатын жарылыстарын өткiзу туралы хабардар еттi, оны өз кезегінде Жамбыл облысының әкiмдiгi Оңтүстiк өңiрлiк қолбасшылығы арқылы хабардар етті.
Жарылыс жұмыстары күн сайын 6 маусым мен 25 қараша аралығында дүйсенбіден-жұмаға дейiн күніне екі рет , сагат 9.00- ден 18.00- ге дейiнгi уакыт аралығында жүзеге асады.
Жарылыстың дыбыс жəне сейсмикалық ықтимал әсерiн төмендету мақсатында оқ- дәрiлердiң фрагменттерiн жою аз мөлшерде жүргiзiлетiн болады.
Сондай- ақ , әскери бөлiмнiң техниқалык аумағында оқ-дәрiлердiң ұшып кеткен бөлшектерін тазарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыс қоймалардың, ашық алаңдар iшiндегi жарылыс каупi бар заттарды талдауды және тазартуды қамтиды.
Жарғыштарды жою жерге терең қазылған арнайы пештерде жүргiзiледi . Бұл әдіс әскери қызметкерлер мен халық үшiн кауiпсiз.
Сондай -ақ, техниқалық аумақта хабар-ошарсыз кеткен кiшi сержант Бауыржан Дәуітбаевты iздестiру жұмыстары жалғасуда. Әскери бөлімнен тыс жерде Б. Дәуітбаевты iздестiру жұмыстарын жергiлiктi полиция өкiлдерi жүргізеді.
– Жоғалған кіші сержант Дауітбаев Бауыржан бойынша, қазіргі таңда жарылған қоймалардың үйінділерін електен өткізу арқылы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бірақ іздеу жұмыстары нәтижесін бермей жатыр. Негізі басқа қаза тапқан адамдардың кішкентай заттарына дейін тауып жатырмыз. Біреудің құжаты, біреудің көз әйнегі шығады іздеу жұмыстары жалғастырылуда, - деді №28349 әскери бөлімінің басшысы подполковник Еркін Әбдісадықов.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық