Байменов Назарбаевтың зейнетақы қоры ақшасын қалай жасырғанын айтып берді
Видеодан скриншот
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Алихан Байменов Qasqa Jol жобасына сұхбат беріп, «Қаңтар қырғыны» зардаптары, Нұрсұлтан Назарбаев құрған саяси жүйе туралы айтты.
Сұхбат барысында зейнетақы қорындағы қаражат туралы айтылды. Байменов министр қызметін атқарып жүргендегі оқиғаны еске алды.
– Министр болған кезде мен зерттеп келіп, президентке зейнетақы қорының 10 пайызға жеткіліксіз екенін айтттым. Үш деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесін дайындадық. Ол кісі «Өзім де қол қоярда қатты ойланғанмын, бірақ сол кезде дүниежүзілік банктің қарыздарын алуымыз керек болды. Министр ретінде әзір бұқараға айтпа» деді. Өзім көрген адамдардың ішінде, ешкімнің ала жібін аттамаған Петр Иванович Крипак деген министр болды. Мен соның орынбасары болдым. Ол кісінің ұстанымынан жұмысты таза істейтіні көрініп тұрады. Назарбаев ұрыларға есік ашып бермесе де, оларға көз жұмып қарады деуге болады, - деді Байменов.
Сондай-ақ, өзінің Нұрсұлтан Назарбаевқа қызмет еткендер қатарына жатпайтынын айтты.
– Мен енді Назарбаев режиміне қалтқысыз қызмет еткендер қатарына жатпаймын деп ойлаймын. Себебі, мен екі рет өз еркіммен биік лауазымынан кеттім. 2005 жыл марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы «маған қауіп төніп тұр» деді. Сол күні кешке мені Әбіләзовпен, басқа азаматтармен өзіне қарайтын типографияның ішінде кездестірді. Сосын мен оларға қосылатынымды мәлімдедім, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық