Бәйменов: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқасында ұлттық ойынның танымалдылығы арта түсті

cover Фото: Pixabay

Мемлекет басшысымен әңгімелесу барысында Астана мемлекеттік қызмет хабының басшысы елдегі мемлекеттік басқару жұмысын жақсарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Тоғызқұмалақ туралы да сөз болды – Бәйменов бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқасында ұлттық ойынның танымалдылығы арта түскенін атап өтті.

 Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен күзгі ойындардан кейін тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа жіберілген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жалғастыруды тапсырды.

Былтырғы 8-13 қыркүйек аралығында елордада спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті.  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы хабарлағандай алғашқы жарыс ұлттық күрес түрлерінен болды.

Спорт кешені 2021 жылы 8 қыркүйекте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қабанбай батыр даңғылы мен  Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында ашылған болатын.

Ойынға 89 елден 2000-ға жуық спортшы қатысты. Ойындар үш бағытты қамтыды - спорт, мәдениет және ғылым.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  елордадағы 6  нысанда: «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешенінде өтті.

Жарысқа 33 елден келген 180 спортшы қатысты, оның ішінде Қазақстан атынан 10 үздік садақшы ел намысын қорғады. «Қалқан» сайысында ерлер 60 метрден, әйелдер 50 метрден мергендігін көрсетті. Бұған дейін Айкөркем Батихан әйелдер арасында қола медаль жеңіп алса, Қасымхан Қанат пен Жәнібек Құлмырзаев «Пута» сайысында ерлер арасында қола мен алтын медаль иеленді.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы көкпардан АҚШ-ты ойсырата жеңіп, артында құрама Қырғызстанмен сайысқа түсті.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақ спортшылары жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі.

Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды. 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек, 80 келіде Дарын Өткелбай жеңімпаз атанды.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер әрқайсы төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 52 келіде Назерке Азаматова, 56 келіде Рауза Нұрмахамбетова, 60 келіде Бақыт Құсақбаева алтын медаль алды. Ал ерлер арасында 55 келіде Бекжан Төлепов, 60 келіде Мейіржан Берекетов, 66 келіде Дидар Тұқышев, 74 келіде Жұмажан Қожамбеков алтын медальға ие болды.

«Алау» мұз айдыны сарайында кураштан, мас-рестлингтен және асық атудан бәсеке өтті. Кураштан қазақстандық 6 спортшы жүлдеге ие болды. 87 келі салмақта Альбина Бахиева алтын жүлде алса, 79 келі салмақта Ажар Салықова мен +100 келіде Марат Байқұмаров күміс жүлдені еншіледі. 81 келі салмақта Ерзат Арғынов, 81 келі салмақта Бекәділ Шаймерденов пен 87 келі салмақта Ұлболсын Әділова қола жүлде алды.

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленді.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпардан іріктеу кезеңінде Қазақстан Өзбекстанды 16-0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, Orda.kz жарыстың екінші күнінің қорытындысы жайлы жазған болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күнінде 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль алды.

Қазақстан Президенті ашылу салтанатындағы сөзінде ойындардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, ата-бабаларымыздың Батыс пен Шығыстың арасында көпір салғанын және бүгін шара арқылы сол мұраны жалғастырып жатқанымызды айтты.

 Спорттық бағдарламада 21 спорт түрі қамтылып, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Былтырғы жарысқа 89 ел қатысты, екі мыңнан астам спортшы мен ресми тұлға келді, сондай-ақ 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланды. Ойындарды 370 төреші қадағалады.


Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өткізілді және бұл шара халықаралық дәстүрге айналды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар