Бәйменов: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқасында ұлттық ойынның танымалдылығы арта түсті
Фото: Pixabay
Мемлекет басшысымен әңгімелесу барысында Астана мемлекеттік қызмет хабының басшысы елдегі мемлекеттік басқару жұмысын жақсарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тоғызқұмалақ туралы да сөз болды – Бәйменов бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары арқасында ұлттық ойынның танымалдылығы арта түскенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен күзгі ойындардан кейін тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа жіберілген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жалғастыруды тапсырды.
Былтырғы 8-13 қыркүйек аралығында елордада спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы хабарлағандай алғашқы жарыс ұлттық күрес түрлерінен болды.

Спорт кешені 2021 жылы 8 қыркүйекте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында ашылған болатын.
Ойынға 89 елден 2000-ға жуық спортшы қатысты. Ойындар үш бағытты қамтыды - спорт, мәдениет және ғылым.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары елордадағы 6 нысанда: «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешенінде өтті.

Жарысқа 33 елден келген 180 спортшы қатысты, оның ішінде Қазақстан атынан 10 үздік садақшы ел намысын қорғады. «Қалқан» сайысында ерлер 60 метрден, әйелдер 50 метрден мергендігін көрсетті. Бұған дейін Айкөркем Батихан әйелдер арасында қола медаль жеңіп алса, Қасымхан Қанат пен Жәнібек Құлмырзаев «Пута» сайысында ерлер арасында қола мен алтын медаль иеленді.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы көкпардан АҚШ-ты ойсырата жеңіп, артында құрама Қырғызстанмен сайысқа түсті.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақ спортшылары жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі.
Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды. 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек, 80 келіде Дарын Өткелбай жеңімпаз атанды.
«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер әрқайсы төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 52 келіде Назерке Азаматова, 56 келіде Рауза Нұрмахамбетова, 60 келіде Бақыт Құсақбаева алтын медаль алды. Ал ерлер арасында 55 келіде Бекжан Төлепов, 60 келіде Мейіржан Берекетов, 66 келіде Дидар Тұқышев, 74 келіде Жұмажан Қожамбеков алтын медальға ие болды.

«Алау» мұз айдыны сарайында кураштан, мас-рестлингтен және асық атудан бәсеке өтті. Кураштан қазақстандық 6 спортшы жүлдеге ие болды. 87 келі салмақта Альбина Бахиева алтын жүлде алса, 79 келі салмақта Ажар Салықова мен +100 келіде Марат Байқұмаров күміс жүлдені еншіледі. 81 келі салмақта Ерзат Арғынов, 81 келі салмақта Бекәділ Шаймерденов пен 87 келі салмақта Ұлболсын Әділова қола жүлде алды.
Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленді.
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпардан іріктеу кезеңінде Қазақстан Өзбекстанды 16-0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, Orda.kz жарыстың екінші күнінің қорытындысы жайлы жазған болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күнінде 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль алды.
Қазақстан Президенті ашылу салтанатындағы сөзінде ойындардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, ата-бабаларымыздың Батыс пен Шығыстың арасында көпір салғанын және бүгін шара арқылы сол мұраны жалғастырып жатқанымызды айтты.
Спорттық бағдарламада 21 спорт түрі қамтылып, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Былтырғы жарысқа 89 ел қатысты, екі мыңнан астам спортшы мен ресми тұлға келді, сондай-ақ 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланды. Ойындарды 370 төреші қадағалады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өткізілді және бұл шара халықаралық дәстүрге айналды.
Жаңалықтар
- Мұрат Адамның қорғаушылары судьяға сенімсіздік білдіріп, оны істі қараудан шеттетуді талап етті
- Балқашта сегіз жастағы баланы азаптау ісі бойынша сот басталды
- Қазақстан КҚК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
- Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды — Reuters
- Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне кірді
- Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері «кезексіз баспана рәсімдеймін» деген уәдесі үшін сотталды
- «Жуас қыз болғасын барынша басынған»: Шымкентте танысы өлтірген қыздың ағасы жазба жариялады
- Ержан Қазыхан Қазақстан президенті атынан АҚШ-пен келіссөздер жүргізеді
- Павлодар–Қызылорда тасжолында жантүршігерлік апаттан 2 адам мерт болды
- Хасан Қасымбаевтың ісі апелляцияға жетті
- «Біз кез келген сценарийге дайынбыз» — Иран билігі Трамптың мәлімдемелеріне қалай жауап берді?
- «11 жеріне пышақ сұққан»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі туыстарына берілді
- Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып қайтыс болды
- Атырау облысындағы бүтін бір отбасының қасіреті: Күдікті мен әйеліне халықаралық іздеу салынды
- Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
- Таиландта аударылған катердің ішінде 8 қазақстандық болған
- Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады
- Тікелей эфирде қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны cотталды
- Еліміздің сыртқы істер министрлігі бірқатар қажет емес міндеттен құтылды
- Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі марқұм Бабақұмаровтың ісі сотқа жолданды