«Байқоңырдағы сұмдықтар»: Адам ұрлаған Ресей азаматы ұсталды
Фото: Pixabay
Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдары екі елдің азаматтарынан тұратын 15 адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Топ екі адамды ұрлап, оларды гаражда ұстаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық топтың жетекшісі — 38 жастағы Ресей азаматы, бұған дейін сотталған. Ол танысының көлігін ұрлады деп күдіктеніп екі адамды ұрлауды жоспарлаған.
«Олар зардап шеккендерді гаражда ұстап, ұрып-соққан. Біріне ауыр дене жарақаты салып, өміріне қауіп төнген», — деп мәлімдеді Байқоңырдағы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Олег Ханжин.
Сот қылмыстық топ жетекшісін кінәлі деп танып, оған қатаң режимдегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал 14 Қазақстан азаматына қатысты үкімді Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық соты шығарды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 13 айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі («Адам ұрлау») және 126-бабы 3-бөлігі («Заңсыз бас бостандығынан айыру») бойынша кінәлі деп танылып, оларға 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Бір айыпталушы қылмысты жасырғаны үшін 8 айға түрмеге қамалды.
Қазақстанның Қызылорда облыстық соты айыпталушылардың жазаларын жеңілдетті.
Жаңалықтар
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді