Байден Орталық Азиядағы бес ел президенттерімен кездесу өткізеді
АҚШ президенті Джо Байден келесі аптада Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен кездеседі. Бұл туралы оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді, деп Orda.kz. РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
«Президент Орталық Азияның бес мемлекетінің – Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның президенттерімен кездеседі. Бұл С5+1 форматындағы тұңғыш президенттік саммит болмақ», - деді Салливан брифингте.
Кездесу Нью-Йоркте өтеді, онда Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы отырысының «жоғары деңгейдегі аптасына» қатысуға барады. Онда ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, Бразилия президенті Лула да Силвамен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуге ниетті.
Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің айтуынша, Байденнің Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесуі 19 қыркүйекте болады деп күтілуде. Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың өзі 17-21 қыркүйекте Нью-Йоркке жұмыс сапарымен бармақшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық