Байден 11 қыркүйек оқиғасы жөніндегі құпия құжаттарды жария етпек
3 қыркүйек күні АҚШ президенті Джо Байден 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуыл жөніндегі құпия құжаттарды жария етуді бұйырып, тиісті құжатқа қол қойды.
Байден елдегі әділет министрлігі мен өзге де құзыретті органдарға ФБР тергеуі жөніндегі құжаттарды жария етуге лайықтауды, іріктеуді тапсырды.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
Биыл осы лаңкестің деп саналған оқиғаға 20 жыл. Өткен айда лаңкестік шабуылдан құрбан болғандардың туыстары Байденнен құпия құжаттарды жария етпейінше 11 қыркүйек оқиғасын еске алу шарасына келмеуді талап еткен болатын. Олар ФБР құжаттарында лаңкестік шабуыл артында Сауд Арабиясы тұрғанын көрсететін айғақтар бар деген сенімде.
— Құпия құжаттарды жария ету ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін болғанымен, бұқараның жариялыққа деген мұқтаждығы ұлттық қауіпсіздік мүддесінен басым болатын тұста ақпарат құпия күйінде қалмауы керек,- деп жазды Байден өз бұйрығында.
Осы бұйрықтан кейін бас прокуратура қай құжатты әшкере етуге болатынын, қай құжатты әлі де құпия ұстау қажетін анықтап, алғашқысын алты ай ішінде жариялауы қажет.
Естеріңізге салсақ, 2001 жылы 11 қыркүйекте бір топ лаңкес жолаушы ұшақтарын басып алып, оларды Нью-Йорк қаласындағы сауда үйіне соқтырды. Салдарынан 3 мыңға тарта адам қаза тауып, мыңдаған адамдар жарақат алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық