Бауыржан Байбектің әкесіне 51 мың теңге айыппұл салынды
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесіне айыппұл салынды. Қыдырғали Байбек 51 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қыдырғали Байбекке қатысты істі қарады. Сот онлайн режимінде өтті. Сотталушының өзі сот отырысына қатысқан жоқ. Қыдырғали Байбек тиісті құқығы жоқ жер учаскесін заңсыз пайдаланып, кәсiбін ресми тіркемегені анықталды.
Сот Қыдырғали Байбекті ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 51 750 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.
Айта кетейік, Қыдырғали Байбек Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық