«Байбектің қарындасынан құқай көрген» — Aray Media Group бухгалтерінің отбасы әділ сот талап етті
Фото: Orda.kz
Шілде айында «Aray Media Group» ЖШС бухгалтері Ризагүл Махметова 281 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген айыппен жеті жылға сотталды. Оның сіңлісі бухгалтерді Айгүл Байбек қорқытып, түрмеге отырғызып, көзін жоятындығын айтып қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық баспасөз клубында Мөлдір Аманжолова әпкесінің қарапайым бухгалтерден қалай кінәліге айналғаны жайлы айтып берді.
«Ризагүл Махметова, екі баланың анасы, ешқандай ұрлық жасамаған. Ол барлық әрекеттерді директор Мадина Әбішева мен ұйымның негізін қалаған Айгүл Байбектің тапсырмасымен орындаған», – дейді Аманжолова.
Айгүл Байбек — Алматының бұрынғы әкімі және «Нұр Отан» (қазіргі AMANAT) партиясының экс-орынбасары болған, Назарбаевтың қолдауына ие белгілі тұлға Бауыржан Байбектің әпкесі.
Мөлдір Аманжолова компанияның негізін қалаушымен қақтығыстың қалай басталғанын баяндап берді.
«Ризагүл одан жалақысын көтеруді сұраған кезде Айгүл Байбек ашумен жауап берген соң Ризагүл: «ондай болса, жұмыстан кететін шығармын» деген. Оған жауап ретінде Айгүл Байбек оны түрмеге отырғызамын, жоямын, қырамын деп қорқытқан. Қазір ол өз ықпалын, үстемдігін көрсетіп, мүмкіндіктерін пайдаланып отыр», – деді есепшінің сіңлісі.
Адвокат Гүлмира Шалдықова сот барысында Ризагүл бастапқыда қорғауға құқығы бар куәгер болғанымен, кейін күдіктіге айналып, түрмеге жіберілгенін айтты.
Қылмыстық іс Айгүл Байбектің арызымен әуелі ұрлық дерегі бойынша қозғалған. Директор Мәдина Әбішева мен бухгалтер Ризагүл Махметова қорғауға құқығы бар куәгер ретінде іске тартылған.
«Мәдина Әбішеваға да, Ризагүл сияқты, ЖШС-ден жеке шотына ақша түсіп тұрған және олар қаражатты жеке кәсіпкерлердің қызметі үшін аударып отырған. Яғни, Мәдина сол операцияларды орындаған. Дегенмен тергеу Мәдинаға қатысты қылмыстық істі сотқа жеткізген жоқ, оны негізгі куәгер ретінде пайдаланылып, менің қорғаудағы клиентіме қарсы куәлік етті. Ол берген куәліктер істің жағдайымен сәйкес келмейді», — дейді адвокат.
1 ақпанда Ризагүл күдікті болды. Оған ҚК 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы «Аса ірі мөлшерде ұрлық» бойынша айып тағылды.
«Жеке шоттан ақша аударылған кезде салықтық жүктеме азаяды. Бұл Айгүл Байбекке тиімді болды. Бірақ сотта ол Ризагүлдің өз бастамасымен ақшаны жеке шотына аударып, қаражатты өзі басқарып отырғанын айтты. 2019 жылдан 2023 жылға дейін компания негізін қалаушы Айгүл Байбек қаражат қайда кетіп жатқанын білмедім деп жауап бергенін фантастика деу керек шығар», — деп санайды адвокат.
Сонымен қатар, қорғаушы Ризагүл жинаған барлық құжаттар, яғни, атқарылған жұмыс актілері, қызмет үшін төленген жалақы, банк түбіртектері сот тарапынан есепке алынбағанын айтты. Себебі оларды тексерген жеке сарапшы, мемлекеттік емес. Дегенмен заң жеке сарапшылардың қатысуына тыйым салмайды.
Сондай-ақ, сот сүйенген мемлекеттік экономикалық сараптама ұрлық фактісін анықтамаған. Онда тек компанияның айналымдары мен бухгалтердің өз шотына аударған қаражаттары көрсетілген.
Aray Media Group пен мердігерлер арасындағы келісімшарттар, сондай-ақ екі тараптың қолы мен мөрі бар атқарылған жұмыстардың актілері сот тарапынан жалған деп танылмаған. Яғни, қызмет көрсетілген, жұмыс орындалған және компания олар үшін төлем жасаған.
«Сот үкімі бойынша, Ризагүл Махметова 2019 жылдың мамырынан 2023 жылдың маусымына дейінAray Media Group ЖШС бухгалтері болып жұмыс істей отырып, 281 353 670 теңге ұрлаған, оның 66 462 200 теңгесі қайтадан ЖШС шотына аударылған, яғни, аса ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірген. Қалған қаражат компания шотына қайтарылғанымен, үкімде 66 млн теңге де зиян ретінде көрсетілген. Бұл — сот тарапынан шешілмеген қарама-қайшылық», — деп қосты адвокат.
Оның айтуынша, сот шешімінде де заң бұзушылықтар болған. Заң бойынша, үкім жарияланғаннан кейін қорғаушы тарапқа аппеляция беру үшін 15 күн қажет, бірақ үкіммен тек 20-шы күні танысу мүмкіндігі беріліпті.
Осы заңбұзушылықтар мен абсурд жағдайлар қорғау тарапынан апелляциялық шағымда көрсетіліп, оны Астана қалалық соты қарауға қабылдады.
«Біз жанашырлық сұрамаймыз. Бізді тыңдап, дәлелдерді қарауды сұраймыз. Менің әпкем кінәсіз, ол ақталуы керек. Біз бәріміз заң алдында тең болуымыз керек, соның ішінде Байбек сияқты ықпалды тегі бар адамдар да бірдей», — деді Ризагүл Махметованың сіңілсі.
Бауыржан Байбек соңғы уақытта Қазақстанның қоғамдық өмірі мен әлеуметтік желілерден жоғалып кетті. Екі жыл бұрын ол Германияға көшкен деген сыбыс тараған. Ал 2025 жылдың наурыз айында оны Жапонияда көргендер бар.
Айта кетейік, Байбектің отбасының бизнес саласында таныстары көп әрі олар «мүйзі қарағайдай алыптар». Оның атақты әкесі Қыдырғали Байбек Қазақстанның бірінші президентімен сыныптас болған.
Автор: Анастасия Прилепская
Жаңалықтар
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды