Байбектің адвокаты: Мамай садақаның мәнін бұрмалады
Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің адвокаты Айжан Тәшенова Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың жақтастарының сот шығындарын өтеу үшін 876 мың теңге жинау әрекетіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
- Мамай акцияны «Садақа» деп атай отырып, әлеуметтік желілерде төлем жасау үшін қаражат жинауды жариялады. Ислам дінінде амұсылман адам мұқтаж жандарға Алла Тағаланың разышылығын алу ниетімен маңдай терімен тапқан өз қаражатынан қалауы бойынша төлейтін ерікті қайырымдылық. Бұл әрекетімен Мамай дін ұстанушылардың сезімдерін қорлап, осы діни әрекеттің мәнін бұрмалап, Садақа ұғымын дұрыс пайдаланбады, - дейді Тәшенова.
Байбектің адвокаты Мамайға «ақшаны өзіне және өзінің жеке мақсатына жинап жатыр» деген болжам жасады.
- Ол қаражат жинауды жариялады, ол нақты арнайы шотты емес, өзінің жеке Kaspi картасын көрсетті. Мұндайда бірден жинақтың ашықтығы мен заңдылығы туралы сұрақ туындайды. Қаражат жинауды ұйымдастырушы жеке шот ашып, алған әрбір теңгесі үшін адамдарға есеп беруі керек, - деп атап өтті адвокат.
Тәшенованың айтуынша, Байбек сотталушылар төлеген ақшаның барлығын аутизммен ауыратын балаларды қолдау үшін «Болашақ» корпоративтік қорына жібереді. Адвокат Мамайға одан өндірілген соманы дербес аударуды және оған қолхат беруді ұсынды.
- Біз бұл бөлімді сот шешімінің орындалуы ретінде қарастырамыз, - деп қорытындылады адвокат.
Еске салсақ, Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Байбектің ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау жөніндегі талап арызында екі сотта жеңілген. Сот ерлі-зайыптыларға Алматының экс-әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы туралы материалдарды жоққа шығаруды және жоюды міндеттеді.
Сот Мамай мен Иманбайдан Нұр Отан партиясының бірінші орынбасарының пайдасына өндіру туралы шешім шығарды. Сот шығындарының әрқайсысынан 438 201 теңге, сондай-ақ сот - психологиялық-филологиялық сараптама үшін 75 114 теңге өндірілді.
Мамай мен Иманбайдың жақтастары қаражат жинауға көмектесуге шешім қабылдады. Демократиялық партия мүшелері акцияға «Бауыржан Байбекке қайыр-садақа» плакаттарымен және ақша жинауға арналған қораппен шықты. Олар өтіп бара жатқандардан акцияға қатысуды сұрады.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады