Байбек: Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау елдігімізге, азаматтығымызға сын
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек видео байланыс арқылы өткен жиналыс кезінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтты.
Оның айтуынша, қазір Тұңғыш президент туралы түрлі пікір білдіретін адамдар көбейген.
«Қазір тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы да небір пікір айтушылар көбейді. Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді. Бірақ, ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Айналып келгенде анығын бір Құдай біледі. Ең қиын кезеңде, яғни біз «мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба?» деген сонау алмағайып 90-шы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Етек жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасымен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі тарихта өз оң бағасын алары сөзсіз» деді Бауыржан Байбек.
Бауыржан Байбек мемлекет басшысы қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жамандау, даттау азаматтыққа сын деп есептейді.
«Мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау елдігімізге, азаматтығымызға сын. 30 жылға енді толған Тәуелсізідгімізді баянды ету үшін біз қазақстандық қоғамда мемлекеттіліктің дәстүрін қалыптастыра білуіміз шарт. Оның ішінде билік сабақтастығының дәстүрін. Сондықтан Тұңғыш президенттің артынан бас-көз жоқ топырақ шашпайық. Бәріне шын төреші - уақыт. Біз үшін қазір елдігімізді сақтау, барды ұстау аса маңызды» деп топшылады Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық