Баянауылдағы өрт 6 мың гектарға жетті
Қарағанды облысынан шыққан өрт Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағына тарап, 6 мың гектар жерге жеткен, Orda.kz деп хабарлайды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың әлеуметтік желіде атап өткеніндей, өртпен күреске 310 адам, 51 техника, екі тікұшақ және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Өрт оқшауланып, бірақ әлі толық сөнбеген, әзірге адам шығыны жоқ екені айтылды.
Өрттің алдын ала себебі – шөп шабу барысында қолданылатын техниканың ақауы болуы мүмкін деген болжам бар. Әкім барлық шаруаларға техникаларын тексеріп, шөп қоры сақталатын аймақтарды уақытылы жырту қажеттігін ескертті.
«Мұндай өрттердің негізгі себептерінің бірі - шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуі. Сондықтан, барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ, өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын» деп жазды Байханов.
Еске сала кетейік, осы өрттің Қарқаралыдағы жағында 1 адам қаза тауып, 4 адамды күйік шалған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық