Баян Мақсатқызының пирамидасы: тағы да бір күдікті ұсталды
Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы ұсталды.
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Қаржы пирамидасы болып танылған ACD technology компаниясының негізін қалаған 1971 жылғы азамат М.
– Бұған дейін хабарланғандай, басты тұлға - К. есімді азамат ұсталып қамауға алынды. Кейінірек тағы екі күдікті Р. есімді азаматша мен М. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері жүргізеді, - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Қазір Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша іс жүріп жатыр. Олар 5-10 жыл аралығында сотталуы мүмкін.
ASTEX.KZ, ACD technology, MUDARABAH CAPITAL және MUSHARAKAH CAPITAL ЖШС қызметкерлерінен зардап шеккендер төмендегі нөмірлерге хабарласа алады:
- 8 777 025 65 86
- 8 701 624 28 24
Еске салсақ, көптің санын соқтырған Astex.kz инвестициялық компаниясын көптеген танымал тұлғалар жарнамалаған, оның ішінде Баян Алагөзова да бар.
– Расымен де компанияға қатысты түсініксіз жағдай болып жатыр. Бұл үш жыл бұрын, 2019 жылы болған оқиға. Мен сол кезде екі жас жігітпен таныстым. Екеуі ағайынды екен. Тәрбиесі дұрыс, мәдениетті жігіттер сияқты көрінді. Олар менен нарықта жұмыс істеп жатқан компанияларын жарнамалап беруді сұрады. Олардың келісімшартын қарап, жұмысына разы болған клиенттерін көрдім. Қысқасы, дұрыс компания екеніне менің көзімді жеткізгендей болды. Ол кезде шынымен де солай болатын, - деп жауап берді Алагөзова өзінің сұхбаттарының бірінде.
Оның айтуынша, ол компанияның көлеңкелі бизнеспен айналысып жүргендерін білмеген.
– Күмәнді нәрсені жарнамалауға бармайтын едім ғой. Енді жағдай өзгеріп кетіпті. Қазір компания Astex деп аталмайды екен. Ағайындылар бірге жұмыс істемейтін болған. Мәселе «Мудараба капитал» деп аталатын компаниямен қосылғаннан кейін басталған. Бұл компания туралы бұрын-соңды естіген емеспін. Сондай-ақ Astex.kz деген компанияны да ешқашан жарнамалаған емеспін. Менің түсінуімше, барлық мәселе ағайынды жігіттер екіге бөлініп, олардың бірі басқа компания құрғаннан кейін туындаған. Ал бұған менің еш қатысым жоқ, - деді Баян Алагөзова.
Айта кетсек, ағайындылар бұрындары жауапқа тартылған. Бірақ продюсер одан да хабарсыз болған. Ол тек жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мұндай іс-әрекетке барған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық