Баян Мақсатқызы Тоқаевқа үндеу жолдады
Белгілі қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Instagram арқылы үндеу жолдады.
Продюссер «жаңа Қазақстанды» ескі әдістермен құруға болмайды!» деп есептейді.
– Құрметті президент мырза! Біздің еліміздің жанашыр азаматы ретінде сіздерге жүгінгім келеді. Бәрінің көз алдында соңғы күндердің оқиғасы тұрса, алматылықтардың да құлағында жарылыс, атыс және айқай-шу әлі естіліп тұр. Сіз өмірдің бейбіт арнаға оралуы үшін нақты тапсырмалар бердіңіз.
Бірақ менің ойымша, көбісі бұдан былай бәрі өзгеретінін түсінбеді. «Шаш ал десе, бас алатын» халықпыз. Қауіпсіздік қызметкерлері 5 қаңтарда сәтті «ұмытып» кеткен өз міндеттеріне құлшыныспен кірісті. Телефондарында митинг пен алапат салғандардың видеосы бар көзге түскен адамдардың бәрін ұстап жатыр, – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Ол осыған ұқсас бейнекадрлар оның да телефонында бар екенін айтты.
– Себебі қазақстандықтар оларды бір-біріне жіберіп, «web-оқшау» күндері жетпеген ақпаратпен бөлісті. Хабарсыз жоғалып кеткендерді іздеу туралы жүздеген хабарламалар, ондаған некрологтар, жауап алу кезінде ұрып-соғылған адамдардың фотосуреттері (бір Қуат Хамитов өзі біраз нәрсені білдіреді), саяси белсенділер мен журналистер (олардың ішінде Лұқпан Ахмедияров, Нұржан Баймолдин және басқалар). Сіз «бейбіт наразылық білдірушілер қудаланбайды» деген сөз айттыңыз, бірақ сіздің сөздеріңіз «диссиденттерді» тазарту және репрессиялау арқылы қайтадан диверсия жасайтын сияқты.
Президент мырза, Сіз Конституция мен Азаматтық құқықтардың кепілі ғана емессіз, қазір сіз көптеген адамдар үшін үміт пен жаңарудың символысыз, сондықтан сізден осы мәселеге назар аударып, біздің елімізде азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет пайда болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауыңызды сұраймын!, – деді танымал продюсер.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады