Баян Мақсатқызы шоу-бизнестегі былықтың артын ашты
Фото: Instagram
Продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстандық шоу-бизнестегі былықтың артын ашты. Ол көпшілік шатастыратын жезөкшелік лас қызметтің шоу-бизнеске қатысы жоқ екеніне сендіруге тырысты.
Баян Мақсатқызы Мискузи Боул арнасына берген сұхбатында шоу-бизнес жайлы айтылатын қауесеттерге жауап берді. Оның айтуынша, Кеш you тобының жезөкшелікке еш қатысы жоқ.
«Шоу-бизнестегі жезөкшелік деген сөзді мен түсінбеймін де. Бұндай бар ма өзі? Мен білмейді екенмін. «Кеш you» тобының бұған қатысы жоқ. Бір рет сондай ұсыныс болды. Бірақ, әрине, бас тарттық. Егер сондай жолмен ақша табатын болсақ, бұл қазір бәріне белгілі болар еді. Себебі мен танымал адаммын. Менің әр әрекетімді жасыру мүмкін емес. Қыздар жабық кештерге барды. Онсыз болмайды. Бірақ ол лас нәрсеге барды деген сөз емес. Олардың қасында адамдары, директоры, көліктері бар. Бұл мүмкін емес нәрсе» деді Баян.
Сондай-ақ, продюсер топта бір қыз үнемі белсенді болатыны заңдылық екенін түсіндірді. Мәселен, Жанар Дұғалова Кәмшат пен Айданадан қай жағынан да мықты екені талассыз дейді Мақсатқызы.
«Бір топта әрдайым біреуі озық болады. Ол дауыс жағынан да, басқа жағынан да алда тұрады. Оны көрермен сезеді. Себебі ол әншінің харизмасы ерекше болады. Жанардың топта Кәмшат пен Айданадан ерекшеленіп тұрғаны сондықтан. Оны мен әдейі солай жасаған жоқпын. Ол заңдылық. Бір топта міндетті түрде бір лидер болады. Даусы жақсы бір әнші болады. Бұрын солай болған. Ал қазіргі топта бәрі бірдей» дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық