Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуына байланысты пікір білдірді
Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы соттың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы продюсер өзінің instagram парақшасында жазды.
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы 2022 жылдың өзі үшін өте маңызды болғанын, соның ішінде Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуы туралы хабарды да атап өтті.
«Немерем дүниеге келді. Менің отбасылық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлем бойынша салтанатты шеруін жалғастыруда, қазіргі күйеуіме қатысты әділдік орнады. Ал бүгін бұрынғы күйеуім Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бір ай бұрын, мен оның босатылуына қарсы еместігім туралы өтінішке қол қойдым. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды және ол жақын арада босатылады. Мен өте қуаныштымын және оған денсаулық пен барлық жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерімнің разылығы үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етемін!» деп жазды Баян Мақсатқызы іnstagram парақшасында.
Еске салсақ, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың маусым айынан бері түрмеде отыр. Ол бұрынғы әйелі Баян Мақсатқызын өлтірмек болды деп 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 12 шілдеде сот оны мерзімінен бұрын босатуға рұқсат бергені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық