Баян Мақсатқызы Қайрат Сатыбалдының әйелінің рейдерлікке қатысы бар екенін айтты
Фото: Instagram
Белгілі қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдының рейдерлік әрекетке қатысы туралы сұраққа жауап беруге уәде берді.
«Адамдар менен «бұл рас па?» деп жиі сұрайды. Шындығында не болды? Біз бұл сұраққа барлық ақпаратты бере отырып, жауап беруге дайынбыз. Сол кезде халыққа белгілі есімдер жарияланады. Бұл оқиға жұртты ерекше таң қалдырмайтынына сенімдімін. Өйткені еліміздің жүздеген кәсіпкерлері осындай жағдайға тап болды, олардың сотқа жүгінуге мүмкіндігі болмады, себебі белгілі адамдар тарапынан қысым көрсетілді. Мен Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік басып алудағы кінәлілер мен олардың сыбайластарының барлық аты-жөні мен фамилиясын атаймын. Жақын арада тергеу органдары бизнесті тартып алуға қатысты барлық қажетті айғақтарды алады» деді Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Гүлмира Сатыбалды Алматы тұрғынының кәсібін тартып алды деген ақпаратқа ол осылайша пікір білдірді.
«Біз көп нәрсені білдік, Назарбаевтың немере інісі мен оның әйелінің қол астындағы басқа да құрбандардың есімдерін білдік. Кәсібінен айрылған адамдардың аты-жөнін естігенде, таң қалатыныңызға сенімдіміз» делінген видеода Мақсатқызының бұрын Galanz Bottlers компаниясының ірі үлесіне ие болған күйеуі Тұрсенғали Алакөзевпен бірге.
Еске салсақ, 13 наурызда ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр.
14 наурызда «Қазақтелеком» кеңселерінде тінтулер жүргізілгені де белгілі. Ондағылар бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық