Байқоңырдан металл алып шығуға рұқсат берген басшы істі болды
Кәсіпорын басшысы пара алып, Байқоңыр аумағынан 200 тонна қара металл алып шығуға рұқсат бергені үшін сот үкіміне шырмалды.
Байқоңыр аумағынан қара металл алып шығуға рұқсат берген мемлекеттік кәсіпорын басшысының міндетін атқарған азаматқа сот үкім шығарды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, іс Қызылорданың №2 сотында қаралған.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аэроғарыш комитетінің қарамағындағы «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы сот алдында жауапқа тартылды.
Жауапты тұлға жүйелі түрде жалпы сомасы 600 мың теңге болатын пара алды деген күдікке ілінген. Заңсыз ақша ол кісіге жеке компания арқылы жеткізіліп тұрған.
Бас директор болса Байқоңыр ғарыш айлағы алаңында орналасқан «Инфракос» кәсіпорны аумағынан 200 тонна қара металды еш кедергісіз алып шығуға рұқсат берген.
Сот 29 шілдеде үкім шығарды. Ер адам 366-баптың 2-бөлімі – «Пара алу» ісі бойынша кінәлі деп танылды. Енді оған 17,6 миллион теңге көлемінде айыппұл ілініп, мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.
Аталған сома пара көлемінен 30 есе көп.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық