Бахрейнге қазақ әйелдерін сату: сот үкімі шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында қыздарды жіберумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелеріне, сондай-ақ олардың сыбайластарына қатысты іс бойынша үкім шықты.
Олар сот үкімімен кінәлі деп танылды.
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Азадова 14 жылға бас бостандығынан айрылды. Қылмыстық топтың басқа мүшелері мен сыбайластары Ахмедов, Беркін, Тұрғынов 12 жылға сотталды.
Қосдәулетова мен Темірова 11,3 жылға, Цесхладзе 10 жылға, Савинский мен Мададов 6,8 жылға бас бостандығынан айрылды. Пичугин, Азадова - 1,3 жылға сотталды.
Гайнуллин үш жылға бас бостандығынан айрылды (сот залында қамауға алынды). Гайнуллинге жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, ал қалған сотталғандарға орташа қауіпсіздік жүйесі мекемелерінде өтеу тағайындалды.
Сонымен қатар, сот үкімімен үш сотталушы кінәлі деп танылып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Еске салсақ, 2020 жылдың қыркүйегінде ҚР Ішкі істер министрлігі адам саудасының халықаралық арнасын ұйымдастырған, оның ішінде Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Бахрейн Корольдігінің азаматтарынан тұратын трансұлттық қылмыстық топты ұстады.
2021 жылдың мамыр айында аталған қылмыстық іс бойынша Ішкі істер министрлігі айыптау актісімен сотқа жолданды.
Ұзақ уақыт бойы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелері Қазақстанның оңтүстік облыстары тұрғындарының әлеуметтік осал топтарынан 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарды іздеп тауып, шетел асырумен айналысты.
Айта кетсек, 21 қазақстандық әйел Бахрейндегі жыныстық құлдықтан құтқарылды.
2021 жылдың маусым айында ҚР Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен адам саудасына күдікті қазақстандық әйелді Бахрейннен экстрадициялады.
Тамыз айында Бахрейн Корольдігіне қазақ әйелдерін сексуалдық құлдыққа тартқан Шымкенттің үш тұрғыны алты жылға бас бостандығынан айрылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық