Бағанашылдағы балалар үйінің қызметкерлерін басқа ұйымға жұмысқа орналастырады
Фото: Алматы әкімдігі
Балалар үйінің тәрбиешілері жуырда оларға қысым көрсетіліп, өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүрлеп жатқанын хабарлаған еді. Алайда Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.
Еске салсақ, облыстық балалар үйінің ұжымы заңгер Анна Черноваға бейнеүндеу жолдаған болатын. Тәрбиешілердің айтуынша, балалар үйінің басшылығы үйден шығару қаупі туындаған қиын жағдайда жетім балаларды қорғаған ұстаздардан құтылғысы келген.
Алматы қаласы әкімдігі бүгін балалар үйі ұжымымен кездесу өткенін хабарлады. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің, Алматы қаласы мен Алматы облысының білім басқармаларының өкілдері қатысты.
«Орталық қызметкерлеріне (педагогтерге) Алматы облысынан Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты ұйымға ауыстырылатыны айтылды. Бұл процесс еңбек құқықтарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарттарды қайта рәсімдеу және әр қызметкердің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Балалар үйі қызметкерлерін жұмыстан босату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», деп мәлімдеді әкімдік.
Шенеуніктердің айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілері өз орталығының аумағында тұра береді және Алматы қаласында білім алады. Жағдай әкімдіктің тұрақты бақылауында.
Оқиғаға қатысты толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.
Айта кетейік, Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты мәселе көктемде басталған еді. Содан бері балалар үйі жанжалдан арылмады. №1 облыстық балалар үйін Қонаевқа көшіру жоспарланғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қарсы балалар бейнеүндеу жасап, бұрынғы ғимаратта қалдыруды сұрады. Кейін Алматы облысы әкімдігі қазіргі тәрбиеленушілер Алматыда қалатынын, ал жаңа келетін балалар Қонаевтағы жаңа мекемеге орналастырылатыны айтылып еді.
Сонымен қатар, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйін жөндеп, оқу процесін осы Бағанашылда жалғастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ мекемені қаланың балансына қабылдауды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық