«Бағанашыл» балалар үйін тексеруге президент әкімшілігінен комиссия келді
«Бағанашыл» балалар үйін тексеруге президент әкімшілігінен комиссия келді. Комиссия мүшелері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, басшылығымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеру аясында президент әкімшілігінің өкілдері балалар үйіндегі тұрмыс және оқу жағдайын біліп, оған іргелес тұрған инфрақұрылым нысандарын аралады.
«Қазіргі уақытта көшіру туралы шешімге қатысты құжаттарды жинау мен талдау жүріп жатыр. Заңнамада aта-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылады» деп жазылған хабарламада.

Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізіліп жатыр және қысқа мерзім ішінде аяқталады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент Әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті», — деді Ерлан Карин.
Еске сала кетсек, кеше Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімге балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсыласқан соң, әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Содан жазықсыз балалардың кейбіреуі жарақат алды. Ақыры Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық