Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жіберілді
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жол тартты.
Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасқз қызметі хабарлады.
«26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс түсті. Хаменова мен Рысқалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адамдар пара алу) бойынша айып тағылуда» деп хабарлады сейсенбі күні Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 10 желтоқсанда Хаменованың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Оған Абай ескерткішін орнатуға 145 миллион теңгеге тендерден қайтарып алу ретінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Ұстау аясында қазақстандықтар Хаменованың тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы жағымпаз сөздерін, оның Астананың атын Елбасы деп өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Конституциясында Назарбаевтың мәртебесін бекіту идеясын еске алды.
12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Оның үйқамаққа шығуына жалғыз басты ана статусы себеп болған. Алайда желтоқсанның 23-і күні шенеуніктің үйқамағын уақытша ұстау изоляторында ұстауға ауыстырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық